Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-135316177 %23 %

Кедейлік шегін көтеру. Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 11:00 - 2018/11/09


Кедейлік шегін көтеру. Атаулы әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?

Салапшылар кедейлік шегін күнкөріс минимумына дейін көтерген жағдайда тұрғындардың қай категориясы мемлекеттен қолдау таба алатынын болжап көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кедейлік шегі - мемлекеттік әлеуметтік көмек ала алатын ел тұрғандарын анықтау үшін қолданылатын өлшем. Қазіргі таңда кедейлік шегі 14 142 теңгені немесе күнкөріс минимумының 50 пайызын көрсетеді. Бұл көрсеткішті күнкөрістің ең төменгі деңгейіне көтергелі жатыр. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, 2025 жылға дейін кедейлік шегін стратегиялық жоспар бойынша арттыру жоспарланып жатыр.

Оның айтуынша, кедейлік шегі бірте-бірте күнкөріс минимумына дейін артады.  Қазір Қазақстанның күнкөріс минимумы 28 620 теңге. 

Экономист Арман Байғановтың айтуынша, кедейлік шегін көтеру жалақысы аз, осы категорияға кірмейтін адамдарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алуға мүмкіндік береді. 

"Жалақысы кедейлік шегіне жетпейтіндер мемлекеттен (мақсатты) әлеуметтік көмекке үміткер бола алады. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасының жалақысы 60 мың теңге болса, оны отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 15 мың теңге шығады. Бұрын бұл сома кедейлік шегіне жетпеген, ал енді оны көтерсе бегіленген межеге кіреді. Ал кейін отбасы атаулы әлеуметтік көмекке үміт арта алады", - дейді Арман Байғанов.

Сарапшы әлеуметтік көмекке қажеттіліктен басқа, инфляция әсерінен жыл сайын азық-түлік бағаларының өсуі кедейлік шегі көтереді деп санайды.

Алайда, айтуынша, Қазақстанда кедейлер санатына жататын адамдарды анықтау қиын.

"Кейбір кәсіпкерлер падасын жасырады, яғни көлеңкелі экономика бар. Ал кейбір бес сиыры бар адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қатарына жатады, нәтижесінде олар табыс та, әлеуметтік көмек те ала алмайды. Әзірге тек жұмыссыздарды анықталуға болады", - дейді сарапшы.

Сондай-ақ, Байғанов кедейлік шегін айқындайтын ақша көлемі жеткіліксіз деп санайды. Қазіргі таңда кедейлік шегі 14 142 теңгені немесе күнкөріс минимумының 50 пайызын көрсетеді. 

"14-15 мың теңге тым аз, тіпті 20-30 мың нақты кедейлік белгісін көрсетпейді. Бұл ақшаны тек азық-түлікке ғана жұмсауға болады. Инфляцияны ескеру керек, себебі, 2015 жылдан бастап теңге құнсызданып келеді. Еуропа елдерінде көрсеткіш анағұрлым жоғары. Әлеуметтік тұтыну қоржынын кеңейту қажет деп ойлаймын. Онда үй жалдау мен коммуналдық қызметтер ақысын қосуға болады. Сондай-ақ, аймақтарда азық-түлік бағалары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, оңтүстікте жеміс-жидектер арзанырақ тұрады", - дейді экономист.

Экономист Магбат Спановтың айтуынша, кедейлік шегін көтеру "үрдіске" келеді.

"Бұл үрдіс жалақысы 60 мың теңгеге дейінгі адамдарға салық түсімін 1 пайызға дейін төмендету туралы президенттің тапсырмасынан кейін басталды. Демек, кедей адамдардың санын азайту - әлеуметтік саясат бағыттарының бірі", - деді экономист.

Сонымен қатар, сарапшы кедейлік шегін арттыру, инфляцияға алып келуі мүмкін деп қорқады. Себебі, ол тауар өнімділігімен байланысты. 

"Арифметикалық өсуді еңбек өнімділігінің артуы және тауарлар мен қызметтердің өсуі қамтамасыз ету керек, әйтпесе, ол инфляцияны тудыруы мүмкін. Ондайда инфляцияның 4,6-дан 5 пайызды көрсету керектігін ұмытамыз.  Мұндай жағдайда ақша қоры көбеюі мүмкін, ал ол тауарды қажет етеді. Шын мәнінде ақшаның көлемі тауарлардың тиісті мөлшерімен қамтамасыз етілуі ​​тиіс, тауарлар аз, ал ақша көп болса, онда инфляция өседі", - деп ескертеді Магбат Спанов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=894554
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Елорданың Арқаға көшуі 7 min
Көліктегі былық-шылықта 10 min
Алматыда әлеуметтік жағ 15 min
Астанадан ауылға дейін& 25 min
Мокин «Астана» сапындағ 25 min
Алматыда Руxани келісім 25 min
Баласын иттен қорыған ш 25 min
Қазақстан-Түркия: Бауыр 25 min
Районымыздың жер-жері а 25 min
Астана тұңғыш рет дзюдо 1 sagt
«Болашақтың» түлегі Қыз 1 sagt
Басқару ісін баяндап бе 1 sagt
Елордада «Астана» публи 1 sagt
Дін мәселелері жөніндег 1 sagt
Александр Недовесов Үнд 1 sagt
Өнегелі өмір өрнектері 1 sagt
«Астана Опера» Италияда 1 sagt
Районымыз жазушылары фы 1 sagt
Алтын күздегі алқалы жи 1 sagt
Елбасының астананы көші 1 sagt
Қызылордада энергия бағ 1 sagt
Алло, «Астана ақша 1 sagt
Киберспорттың қыр-сыры 1 sagt
Әлемдегі ең қымбат туфл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мұрат Шаймаран | Әдеби 1 sagt
Элизабет Тұрсынбаева Ре 1 sagt
Алматының бұрынғы әкімі 1 sagt
Израиль әскері Газа сек 1 sagt
Еуразиядағы жаһандық қа 1 sagt