Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ӘТЕШ (тәмсіл өлең)



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 15:45 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/articles/gibrat-hikaya/atesh-tamsil-olen-3368/


ӘТЕШ (тәмсіл өлең)

Атымен сөзді бастап Жаратқанның,
Айтайын мен бір мысал, қарақтарым.
Бар еді ауылымызда "пысық" Әтеш.
Шақырып білдіретін таң атқанын.

Әлгі Әтеш еш жалқаулық танытпайды,
Мезгілді күнге қарап анықтайды.
Әйтеубір қысы-жазы таң алдында,
"Тұр- тұрлап..." шақырудан жалықпайды.

Таң алды Әтеш "жұмысқа" асығады,
Дауысын алты қырдан асырады.
Астында алты көрпе жатсаңдағы,
Ұйқыңды ұйып қалған қашырады.

...Ал бірде шақырмады айдан артық,
Ол неден болды екен деп ойға қалдық?!
Әтештің даусы неге шықпайды деп?!
Ақырын иесіне сұрау салдық.

Ол айтты: - Жұрт сөзінен аспадым - деп,
- Шағымдана берген соң қоштадым - деп.
Халыққа ұйқы бермей қойғанан соң,
Әтештің басын шауып тастадым - деп.

...Әтеш жоқ енді "айқай" салатұғын,
Ұйқысы елдің болды қанатұғын.
...Бұл жұртты оятқысы келгендердің,
Сол күні ұқтым басын шабатынын.

Әзірбайжандық ақыны Мұхаммед Хусейн Шахриярдан аударған Бақытбек Бекмұратұлы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1340988
Пікірлер

Көрші сілтемелер