Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тағдыр және оның сырлары



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2021/01/19

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/articles/aqida/arturli/tagdyr-jane-onyn-syrlary-3362/


Тағдыр және оның сырлары

Көздің көру, ал құлақтың есту қабілеті белгілі бір  қашықтықты  ғана  қамтиды. Сол қашықтықтан  алыс  нәрсені  көру  не есту  мүмкін  емес. Сол сияқты  қаза  мен тағдырдың  да  лайықты  түрде  түсінілуі, адамның  шамасынан  тыс.  Өйткені,  біз оқиғаларды  себептеріне қарап шешуге тырысамыз. Оның  артындағы  хикметті (даналықты, мәнін) көбіне түсіне бермейміз.

Әлемде "зәррәдан" бастап ғаламшарға,  «микро»  мен  «макро»  әлемнен  болашақтағы  «нормо»  әлеміне  дейін,  барлық  оқиғаларға: уақыт,  орын,  бейне  және  себеп  тағайындалып,  жан-жақты белгіленген  тағдыр және уақыты келген кезде іске асатын қаза жүйесі, иләһи  айбындылыққа  лайық  бір  ұлылықпен  үкімін жүргізуде.

Алла Тағала жаратылысты тағдырмен жаратып, сол тағдырмен жүргізеді. Өмірдегі оқиғалардың іздері, шындығында, тағдырдың сызығы болып  табылады.  Ай,  күн,  жұлдыздар,  өсімдіктер, адамдар,  жануарлар  т.б  барлық  жаратылыстың ағысы да, сол бір тағдыр  жүйесіне  бағынады. Бұтағынан түскен  бір  жапырақтың  өзі  де  осы  жүйенің  ішінде. Егер  жаратылыс  тағдырға  бағынбағанда әлемде үлкен бір жүйесіздік пайда болар еді.

Әрбір  өнер  туындысы  соны дүниеге әкелген өнерпаздың құдіреті мен мүмкіндігіне қарай көрініс табады. Мәселен, суретші суретін, жазушы жазғанын өзінің қабілеті мен шамасына қарай орындайды. Алла Тағала да (жәллә жәләлүһү) әлемнің жаратылуынан бастап, жоқ болатын күніне дейін сол жерде көрсететін құдірет ағысын бір өнер ғажайыбы болып табылатын адамдағы сырлар мен хикметтерді, басқа жәндіктердің туғанынан өлгеніне дейінгі ие болатын қасиеттерді иләһи (тәңірлік) еркімен ежелден жазып, белгілеп қойған. Міне, тағдыр деген, иләһи еріктің туындысы болып табылатын осы тәртіптің аты. Бұл ақиқатты Алла Тағала өзінің аят-и-кәрималарында былай баяндайды: 

«Біз  барлық  нәрсені  бір  өлшеммен  (тағдырмен) жараттық!» (Қамар сүрессі 49)

ٍ

«Жер  бетінде  орын  алған  жөне  сендердің бастарыңа келген қандай да бір пәлекеттің бөрі, біз оны  жаратпас  бүрын  кітапта  жазылған. Шүбәсіз, бұл Аллаһ үшін оңай нәрсе». (Хадид сүресі 22)

Қысқасы, Алла Тағаланың әлі бола қоймаған оқиғаларды алдын ала біліп реттеуі және ләухи-махфузда белгілеуі - «тағдыр», ал белгілгені бойынша реті келгенде (немесе уақыты келгенде) іске асырылуы - «қаза» болып табылады.

Аллаһ Тағаланың жарыққа шығатын оқиғаларды болмай тұрып өзінің «ілім» сипатымен білуі - Құдай болғаны үшін, орынды. Уақыт  пен  мекеннен пәк  болғандықтан  Алланың  бұларды  білуі заңды нәрсе. Өйткені біздерге тағдыр мен қазаны түсінуді қиындататын шарттар - Алла Тағала үшін сөз емес. 

Әлемде барлық нәрсенің иләһи (тәңірлік) бір жазмыш бойынша іске асатындығына сену шарт. Тағдыр - иманның алты  шартының  ең  айқыны  болса  да,  негізінде, ол барлығы бір ауыздан қабылдайдыт шындық. Бұл турасында сенімнен ұзақ адамдар да үнемі өз күштерінен жоғары бір құдіреттің әсерін «маңдайымның жазуы» деп  қарсылықсыз  мойындайды.  Тіпті,  кәпірлердің «басыма  бақ  қонды»,  «бағым  тайды» түріндегі  сездері  барлық  адамдардың  ауыспалы  түрде  болса  да, ой-санасымен тағдыр ақиқатын мойындайтындығын көрсетеді...

Өмірдегі  оқиғаларға  лайықты  түрде ой жүгірткен адам әлем сахнасында болып жатқан кептеген көріністердің иләһи бір жазмыш бойынша іске асатындығына сенеді. Бірақ, көзі көрмейтін адамға түр-түсті түсіндіру қалай мүмкін емес болса, дүниеден алған әсерлермен ойланатын, уақыт пен мекенмен шектеулі адам түсінігі де, қаза мен тағдыр сияқты күрделі мәселелердің сырын толық түсіне алмасы анық. Бұл - адамның көтере алмайтын сырларды біліп, мазасыздануының алдын алуы сияқты бір хикметке байланысты.

Расында,  Алла Тағала  тағдырды  барлық мақлұқаттарына беймәлім етіп, оның (тағдырдағы нәрсенің) қазаға айналмас бүрын  (орындалмас бұрын) білінуін мүмкін емес қылған. Осы бағытта тек Алла Тағаланың ләдүнни (рухани) ілім бергендерінің ғана біраз нәсібі болуы мүмкін. Алланың шексіз мейірімімен тағдырдың беймәлім болуы әрі  білінбеуі,  адам  ойының  алдында  асусыз қамал сияқты. Бірақ, Хақ Тағаланың қүдіретімен осы қамапдан  асып,  арғы  жағын  көрген  кейбір  ерекше жағдайлар да бар, бұлардың бірі - шынайы түстер. Расында, салих адамдардың түсінде көрген болашаққа байланысты хабарлардың расқа  шыққандығы  көп байқалған. Бұлар - олардың жүректеріне «ләухи-махфуз» дан түскен сәулелер.

Адамдардың  жағымды  немесе  жағымсыз,  ізгілік немесе жамандық жөніндегі істерді істеуі не істемеуіне байланысты ерік қолдануы «жүзи ирада» (шектеулі ерік) деп аталады. «Күлли ирада» (шексіз ерік) тек Хақ Тағалаға тән. Сол себепті  пенделерде шексіз еркіндік жоқ. Туу, өлу, өмір сүру уақыты, жынысы, ұлты, қабілеті  сияқты  адам  араласа  алмайтын  мәселелер, нақты (өзгермейтін) тағдырға жатады. Адам баласы мәжбүр болып бас иген бұл істерге жауапты емес. Алла Тағала  құлдарына  берген  мүмкіндігіне қарай оны жауапты етеді. Сондықтан адамның еркінен тыс іске асқан істерде, сый да, жаза да жоқ. Сондай-ақ  ораза  ұстаған  адамның  еркінен  тыс  үмытып ішіп-жеуі оразаны бұзбайды және сол үшін ешқандай да жазаға ұшырамайды.

Алла Тағала аят-и кәримәде «Аллаһ әр адамға тек шамасы  жететіндей  мөлшерде  міндет  жүктейді...», -  (Бақара  сүресі  286)  деп  бұйырғаны сияқты, адам баласына  шамасы  жетпейтін  нәрсені  жүктемеген. Бірак, әр  адам  шамасы  жететін  нәрсеге  жауапты екендігі де шындық. Шамасы жете тұрып қажетті істі орындамай, кінәні тағдырға арту - адамның ғапылдығы мен надандығының белгісі. Алла Тағала адамның нәпсісіне сынақтағы әрі жауапты жаратылыс болғандықтан, пасықтық пен тақуалық  бейімін орналастырған, еркіндігін екі жаққа да (дүние-ақыретке) ерікті түрде қолдануы үшін оған таңдау құқығын берген. Яғни, осы  фәни  дүниеде  пендеге  белгілі  шеңбер  ішінде ғана еркіндік берілген. Бұл баланың әкесінен алған тиын-тебенін жақсылық пен жамандыққа жұмсауда ерікгі болғаны сияқты. Міне, осы еркіндік - мәңгілік бақыттықтың немесе мәңгі қасыреттің ең маңызды қоры.

Әлемде  ағаштың  бір  жапырағы  да  Алланың  еркінсіз қимылдамайды. Яғни Алла Тағаланың әрбір істе еркі болуымен қатар, ризашылығы тек қайырда. Ұстаздың  мақсаты - шәкіртінің  үлгерімді болып, сыныптан  сыныпқа өтуі. Шәкірт оқымайтын болса,  ұстаздың қолынан ештеңе келмейді. Және де дәрігердің міндеті - ауруды шипаға қауыштыру. Науқас адам берілген нұсқауды орындамайтын болса, болған жағымсыз нәтижеге науқастың өзі  жауапты  болады.  Дәрігерге ешқандай кінә тағылмайды.

Сол себепті адамның жаман жолға түсіп: «Не істеймін, тағдырым солай!» - деуі тек ғапылдығының белгісі. Намаз оқығысы келген адамға Алла Тағала оқу мүмкіндігін береді, оқығысы келмегендерге кедергілер тудырады. Сондықтан адамның тағдырға жауып, өзін кінәсіз көрсетуі хақ пен хақиқатқа жасалған хақсыздық. Аят кәримада Алла Тағала былай дейді:

«Шүбәсіз,  Аллаһ  зәрредей  хақсыздық  жасамайды...». (Ниса сүресі 40)

«Бастарыңа  келген  қандай  да  бір  пәлекет  өз колдарыңмен істегендерің себебінен.  (Сонда  да) Аллаһ көбісін кешіреді». (Шура сүресі 30)

Хазіреті Мәуләнә (құддисә  сирруһ) да осы аят-и кәримәнің тәпсірі ретінде шектеулі еркі бойынша адамдардың жауапты екендігін және кінәні тағдырға жаппау  керектігін  Мәснәуи  кітабында  былай  баяндайды:

«Егер саған бір тікен кірген болса, біліп қой, сол тікенді  өзің  еккенсің!  Егер  жұмсақ,  таза  шүберек ішінде болсаң, ол да өзіңнің тоқығаның!»

Көздің көру, құлақтың есту қабілеті шектеулі. Шегінен тыс, ұзақ нәрсені көруі және естуі мүмкін емес. Сол  сияқты  қаза  мен  тағдырды  да  толық  түсінуге адамның шамасы жетпейді. Өйткені, біз оқиғаларды себеп-салдарларына қарап, біліп шешуге тырысамыз. Оның артындағы хикметті кебінесе түсіне бермейміз. Сондай-ақ, қаза мен тағдырдың сырын сұраған біреуге Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу):

«Ол тақырып терең бір дария!» - деген.

Ақылына сеніп, сол дарияда жүзуге тырысқандардың көбі не - құлдың ешбір еркінің жоқ екендігін көлденең тартатын «Жәбрия» ағымындағылар сияқты немесе адам баласының барлық жағдайда абсолютты ерік иесі екендігін көлденең тартатын «Қадария» ағымындағылар сияқты,  негізсіз  иірімдерден шыға алмайды. Ақыры сол түпсіз, шексіз теңізде тұншығады.

Сол себепті адам жауапкершілігінің негізін құрайтын еріктің шегін дүрыс анықтамайынша, қателікке бой алдырудан құтыла алмайды. Пендені өз іс-әрекетінің  жаратушысы  санап,  ерік  пен  таңдау құдіретін пұтқа айналдыру қаншалықты қате болса, ондағы (адамдағы) шектеулі ерікті де жоққа шығарып адамды бейнебір таңдау-еркі мүлдем жоқ жаратылыс ретінде қабылдау да дініміздің негізгі қағидаларына қайшы жәйт. Дүрысы - адамның ерік пен таңдауға ие болғандығы,  бірақ  ол еріктің де Алла Тағала тарапынан берілгендігі.

Адам ақылы мен түсінігі жетпейтін мұндай тақырыпта мойынсұну арқылы көңіл дүниесінде біраз жол алу мүмкін болса да, бұл істің сырын нақты түрде шешу мүмкін  емес. Осыны  үғынып, шамасын  білу,  тағдырды қазбалап, одан әрісіне қиналмау - пенденің міндеті...

Расында, адам  баласы  кейде  өзі  үшін  қайырлы  емес  нәрселерді  де  қос  қолдап сұрайды. Алайда, қалаған нәрсесі, бәлкім, оны апатқа жетелеуі мүмкін. Сондай-ақ  осындай  нәтижеге  тап  болған адам  оны  ғапылдықпен  қос  қолдап  сұрағанына қарамастан, өкініштен өзін тыя алмай, ойбайға басады. Сол үшін дүниеде көңіл тыныштығы мен ақыретте мәңгілік бақытқа қол жеткізу үшін  ең  лайықтысы  -  осы иләһи  ұлылықты  түсініп,  тәуекел  етіп, тағдырға мойынсұну.

Бірақ,  бұл  барлық  адамның  қолынан  келе  бермейді. Құлдың өзінің еш екендігін түсінуі - мәңгіліктің қоры. Яғни, қаза мен тағдырдың апдында бірден-бір шара  -  Хақ  Тағалаға  мойынсұну.  Өйткені,  тәуекел мен  мойынсұну  тағдырды  жақсылыққа  айналдыратын рахмет есігі.

Сондай-ақ,  Расулуллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә сәлләм):

«Тағдырға сену әртүрлі қайғы мен уайымды жояды» - деген. (Суюти, Жамиус-Сағир, I, 107).

Бірақ,  ризашылық,  мойынсұну  мен  тәуекел  етуді -  ешқандай  апғы  шарттарды орындамай,  келешекте келуі  мүмкін пәлекеттердің алдын алу үшін ешқандай қажыр танытпау деп түсіну де қате. Тәуекел деген, қолдан келгенін істеп, артынан нәтижесін Алладан күте отырып, Алла Тағалаға мойынсұнып, оған сыйыну деген сөз.

Әйтпесе себептерге жүгінбей, құр тәуекел ету орынсыз, әрі бұл шынайы тәуекел үғымына да қайшы мәселе... 

Хикмет  терезесінен  қарағандар  үшін  тағдырдағы жасырын сыр мен пенденің оны толық түсіне алмау жағдайы Алланың қаһары емес, керісінше, өте үлкен бір сыйы. Өйткені, адам тағдырды  білген  жағдайда көптеген  қауіп  пен  пәлекеттерге  тап  болары  жоққа шығаруға келмейтін шындық.

Мысалы,  шипасы  (дауасы)  белгісіз  ауруға шалдығып,  жан  беретін  науқастың  өлім  сәтіне дейін  қайғыдан  алыс  болып  қалуы,  тағдырын білмейтіндігінің арқасында. Бірақ,  қандай  да  бір  адам өлетін  уақытын  білсе,  елім  жақындаған  сайын  уайымнан  қол-аяғы  байланып,  жұмыс  істей  алмайтын халге келер еді, қанша рет өліп-тірілер еді. Баласының өзінен бұрын өлетінін білген  ана  да  қанша  жыл бұрын  сол  жағдайдың  қайғысына  батар  еді.  Сөйтіп бұл  жағдай,  өмірдегі  үйлесімділік  шартына  қайшы келіп, тепе-теңдік бұзылар еді.

Соңғы кездерде көбейіп кеткен жүйке ауруы, рухани күйзеліс және өзін-өзі өлтіру - руханияттан мақрұм болудан туған қайғылы  нәтижелер.  Өйткені  рухани  тәрбиеден  алыс болған жүректің, адамдағы нәпсінің қалауы мен әуестіктеріне бас иуі өте табиғи жәйт. Өмірдің күтпеген жағдайлары  мен  оқиғаларын  табандылықпен, тыныштықпен қарсы алатын мойынұсынушылыққа жету - тек адамды «ғайыпқа» бағыттайтын тағдырға иман етудің арқасында мүмкін болады.

Бақыттылықтың өзгермейтін қағидасы - ақылды уахиге бас идіру, жүректі көркем ахлақпен безендіру және  осылайша  өмірде  күтпеген  жағдайлар  алдында  ризашылық  таныта  білу  және  де  шынайы бақыт - өмірдің бұралаңдарын көтеріп, қиыншылықтарына шыдамдылық таныту, барлық нәрсенің жақсы жағын көріп, әлемдердің Раббысына мойынсұну.

Алла Тағала кейде сыйды сырттай қаһар түрінде, қаһарды да сый түрінде көрсетеді. Осылардың бәрінің адамға беймәлім болуы осы дүниенің сынақ алаңы болуынан туындауда.

Аллаһ Тағала былай дейді:  

«...  (Сендерге)  үнамаған  бір  нөрсе  сендер  үшін қайырлы болуы мүмкін. Жөне сендер жақсы көретін бір  нөрсе  сендер  үшін  жамандық  болуы  мүмкін. Алла біледі, сендер білмейсіңдер». (Бақара сүресі 216)

...Тағдырға  байланысты  осы  жерге  дейін  айтылған негізгі  мәселелермен шектеліп, тереңдемеген абзал. Тереңірек  үңілсек,  соншалықгы көп  мәселелерге  жолығамыз, ал ол нәрселер кәләм ілімінің таласына  негіз  болудан, басқа пайдасы шамалы.  Сол  себепті  Алла Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм), тағдырға сенумен ғана тоқтауымызды бұйырып, бұл мәселеде  орынсыз  таластан  тыйған.  Тіпті,  тағдыр жайында тартысқан бір топқа жолығып, оларга:

«Сендерге  осы  әмір  етілді  ме?  Әлде  мен  сендерге  осы  үшін  жіберілдім  бе?  Сендерден  бұрынғылар осы  мәселеде  тартысқандығы  үшін  жойылды.  Бұл мәселеде  тартысушы  болмаңдар!» - деген. (Тирмизи;  Қадар,  1). 

Шайыр  Зия  Паша  да  адам  шамасы  келмейтін ақиқаттар жайлы былай дейді:

Ұлы  түсінік  бұл  кішкентай  ақылға  керек  емес,

Сірә, бұл таразы мұндай ауырлықты тарта алмас!

Ей, Раббымыз! Бізді шынайы түрдегі төуекел етуші кұлдарынан  етіп,  ризашылығына  лайық  амал етуді  нәсіп  ет.  Қаза  мен  тағдырга  ризашылықпен қараудың ізгілігіне қол жеткізуді нәсіп ет! Әмин!

"Көңіл бақшасынан АҚТЫҚ ДЕМ"
атты кітаптан ықшамдап алынды. 

Авторы: О.Н. Топпаш.
"Хикмет" баспа үйі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1337979
Пікірлер

Көрші сілтемелер