Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Биологтер РНҚ-дан 10 есе көп ақпарат алудың жолын тапты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 03:00 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/gylym/biologter-rnq-dan-10-ese-kop-aqparat-aludyn-jolyn-tapty-14272/


Биологтер РНҚ-дан 10 есе көп ақпарат алудың жолын тапты

Массачусет технологиялық институтының ғалымдары кеңінен қолданылатын Seq-Well тәсілін өзгерте отырып, жасуша РНҚ-нан алынатын ақпараттың мөлшерін едәуір арттыруға қол жеткізді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Секвениерлеу әдісі ғалымдарға жасуша туралы айтарлықтай ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Десе де неғұрлым көп ақпарат алуға талпыныстан секвенирлеу процесі соғұрлым баяулайды. Осыған байланысты ғалымдар бұрынғы экспресс әдіске қарағанда 10 есе көп ақпарат алуға мүмкіндік беретін технологияны ойлап тапты. Жекелеген жасушаның РНҚ-сын секвенирлеу арқылы ғалымдар жасуша ішінде жүріп жататын көптеген процестер туралы ақпарат ала алады. Алайда, маңызды ақпараттың көп бөлігі жоғалып кетеді.  Жасуша РНҚ-нан алынған қосымша ақпарат, мәселен, ұқсас ауруларды бір-бірінен ажыратуға көмектеседі. Америкалық ғалымдар ойлап тапқан жаңа технология бір мезетте бірнеше жекелеген жасушалардың РНҚ-сын жылдам секвенирлеуге мүмкіндік беретін Seq-Well әдісіне негізделген. Аталмыш әдіс РНҚ-ны секвенирлеудің сәл баяу, қымбат тұратын әдісі секілді жекелеген жасуша туралы айтырлықтай көп ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Ғалымдар бұл жолы секвенирлеу барысында жоғалған ақпараттарды қалпына келтіруді көздеген болатын. Бұл мақсатта ғалымдар ақпараттың көп бөлігі жоғалуы мүмкін процесс кезеңдерінің бірін модификациялап көреді. Бұл кезеңде қажетті ген алынуы тиіс ДНҚ молекулаларының саны полимераздық тізбекті реакция (нуклеиндік қышқылдың нақты фрагменттерінің аз шоғырын едәуір ұлғайтуға мүмкіндік беретін молекулярлы биология әдісі) көмегімен көбейтіледі – секвенирлеу үшін ДНҚ-ның жеткілікті көшірмесін алу мақсатында. Осы сатыдан өтетін молекулалардың санын көбейту үшін ғалымдар полимераздық тізбекті реакция ферменттерінің бұл молекулаларды оңай көшіріп алуына мүмкіндік тудыратын праймерлердің екінші тізбегін қосып көрді. Ғалымдар осы әдісті қолдана отырып, бір жасушадан әлдеқайда көп ақпарат алуға болатынын көрсетіп берді. Биологтер байқалған гендердің санын бес есе артқанын әрі РНҚ-транскриптерінің он есе артқанына көз жеткізген еді. Ғалымдар жаңа әдісті пайдалана отырып, бес түрлі тері ауруына шалдыққан, атап айтқанда, псориаз, безеу, алапес, алопеция (шаштың түсуіне түрткі болатын аутоиммундық ауру) және гранулемалық анулус (созылмалы дегенеративті тері ауруы) дерті меңдеген пациенттер терісінің 19 биопсиясын (қиындысын) зерделейді. Ғалымдар аталған аурулар арасында біршама ұқсастық барын байқаған, мәселен, Т-жасушасы қабынған кезде бөлінетін ұқсас популяциялар алапесте де, гранулемалық анулусте де белсенділік танытқан. Ғалымдар, сондай-ақ, нақты бір ауруға тән кейбір ерекшеліктерді де аңғарған болатын, дәлірегі, псиоразбен ауыратын науқастардың тінінен кератиноцит деп аталатын жасушаның өзінің бөлінуіне, осы ауру барысында қабынуды басқаруына мүмкіндік беретін генді экспрессиялайтынын байқаған еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1282574
Пікірлер

Көрші сілтемелер