Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қан алуға арналған вакуумды түтікті Қазақстанда бір ғана компания жасап шығарады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 02:45 - 2020/10/18

Нақты Көзі: https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/qan-aluga-arnalgan-vakuumdy-tutikti-qazaqstanda-bir-gana-kompaniya-jasap-shygarady-14273/


Қан алуға арналған вакуумды түтікті Қазақстанда бір ғана компания жасап шығарады

Одан бөлек бұл компания 30 минутта кебетін медициналық гипс өндіруде.

Қазақстанда медицинаның дамуына медициналық бұйымдардың қосар үлесі орасан зор. Сол бағытта жұмыс істеп жатқан «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС. Компания қан жинау және сақтауға арналған бір реттік стерильді вакуумды түтік, екі жақты ине және жеңіл гипс шығарумен айналысады. Аталған компанияның жұмысымен ERNUR.KZ тілшісі танысып қайтты.

Қан арқылы адам ағзасына көптеген аурулар өтуі мүмкін. Мысалы, қан тапсыру немесе донор болу арқылы емделушіден алған қан дәрігерге шашырап кері әсерін келтіретіні бар. Ол адам қатерлі дертпен ауырса, онда жағдай тіптен қиындай түседі. Бұл жағдайлардың алдын алу үшін «ЭкоФарм» компаниясы Қазақстанда алғаш рет қан жинау және сақтауға арналған бір реттік, стерильді вакуумды түтік шығаруды қолға алған. 2006 жылы өз жұмысын бастаған кәсіпорын қазіргі таңда вакуумды сынауықтардың 57, екі жақты иненің 6 түрін шығарады. Одан бөлек өндіріс орны «Marai» жеңіл гипс өндіреді. Ол кәдімгі гипстен қарағанда 7 есе жеңіл мақта секілді. 30 минутта кебеді, ішіне ауа өткізеді.

Әлемде осыдан 40 жыл бұрын пайда болған қан жинауға арналған вакуумды түтік Қазақстанда 14 жылдан бері бір ғана «ЭкоФарм» ЖШС-і шығарады. Өнімнің керек-жарағын Еуропа мен Жапония елдерінен алдырады. "ЭкоФарм" өз өнімдерін шет елдерге экспорттайды.

Қан алуға арналған вакуумды түтікті Қазақстанда бір ғана компания жасап  шығарады

- Компаниямыз шығаратын өнімді Қазақстанның барлық дерлік ауруханалары, емханалары мен зертханалары пайдаланады. Одан өзге шет елдерге де шығарамыз, – деді «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС директоры Гүлия Жүзенова. Карантин кезінде компания жұмыскерлері 1 млн бетперде мен 180 мың медициналық киім тіккен. Оның бәрі «СК-Фармация» арқылы тиесілі орындарға жіберіп отырған. Төтенше жағдай кезінде қызметкерлері күндіз-түні демалмай қызмет еткен.

Отандық өнім үлесін өсіру мақсатында «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС сапалы өнімімен ел нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда, отандықтан бұрын өзгенің өнімін алуға мәжбүр.

Серіктестік директоры Гүлия Бексұлтанқызының айтуынша, елдегі өндіріс орындарының жұмысы ақсап тұр.

- Мысалы, бір ғана бетперде шығару үшін, мата өндіретін өндіріс орындары аз, мата табылса, жіп шығаратын кәсіпорын жоқ. Тасымалдау үшін қорап керек, нарыққа шығаруға этикетка жасап шығаратын өндіріс орындары жоқтың қасы. Сондықтан әр тауарды әр елден алып келуге тура келеді, - дейді.

Қан алуға арналған вакуумды түтікті Қазақстанда бір ғана компания жасап  шығарады

«ЭкоФарм» компаниясы 250 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ондағы басшыдан бастап еден сүртетін қызметкерге дейін білімді. Бәрі өз саласын жақсы көреді, соған сай қызмет етеді. Кәсіпорын алдағы уақытта «Тассай» индустриалды аймағынан 3 га жер алып, өндіріс орнын одан да үлкейтіп, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Ал компанияның осы уақытқа дейін үздіксіз жұмыс істеп жатқаны мемлекеттен қолдау тапқанның арқасы екенін айтады директордың өзі.

- Біз 2010 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 3 млрд теңге несие алдық. Несиенің жылдық пайызы - 6%, оның мемлекет субсидиялайтын бөлігі 9,0% құрайды. Мемлекет тарапынан өте көп жеңілдіктер жасалды. Шығарған өнімдерге сұранысты арттыру үшін «СК-Фармация» орталығымен бірлесе отырып бізге нарыққа шығуға көмектесті, - дейді Гүлия Жүзенова.

Айта кетейік, 1995 жылдан бері «ЭкоФарм» дәріханалар желісі жұмыс істейді. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 150 филиалы бар. Оның басым бөлігі Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Тараз қалаларында. Одан бөлек Түркістан облысыны ңМақтарал, Шардара сынды ауылды аймақтарында да бар. Бұл «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС-нің басты жобасы.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1282570
Пікірлер

Көрші сілтемелер