Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аймақ-ақпарат: Қоғамдық көліктер Ораза айтта тұрғындарды тегін тасымалдайды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 10:30 - 2020/05/23

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/qazaqstan/qogamdyq-kolikter-oraza-aitta-turgyndardy-tegin-tasymaldaidy-13612/


Аймақ-ақпарат: Қоғамдық көліктер Ораза айтта тұрғындарды тегін тасымалдайды

Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Қалалық әкімдік қолдауымен «Жолаушы» ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда  көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды.

Жалпы мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отырып, халыққа демеу ретінде қала әкімімен келісе іске асырылуы жоспарланып отырғанын айтты. Бұл іс-шараға байланысты шығынды мекеме құрылтайшысы Рахым  Тәңірбергенов толығымен өзі көтермек.

Атын атамауды өтінген кәсіпкер медресе шәкіртіне 1 млн теңге берді

Оралдық кәсіпкер медресе шәкірті Әдиет Айдынәлиевке ота жасату үшін 1 млн теңге берді. Бұл жайында aikyn.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Бәйтерек ауданы Асан ауылдық мешітінің бас имамы Мұратбек Жахатовтың айтуынша, Әдиет Айдынәлиев Оралдағы үш жылдық медресенің бірінші курсында оқиды.

Осыдан алты жыл бұрын Әдиет ауыр дертке душар болып, жамбас сүйектерінің қызметі бұзылған. Соның салдарынан екі аяғын сүйретіп басса да намаздан қалған емес. 

Қазір 26 жастағы Әдиет Қасиетұлы болашақта медреседегі оқуын бітіргеннен кейін шетелде білімін көтеруді армандайды. Оған дейін науқасынан құлантаза жазылуды мақсат етіп отыр.

«Әдиет отаны Түркияда жасатқысы келеді. Оған 40 мың АҚШ доллары керек. Сондықтан қаладағы мешіттер арқылы медресе шәкіртіне ақпан айынан бері қаржы жиналуда. Осыны естіген мешітке келіп жүрген кәсіпкер аты-жөнін атамауды өтініп, қасиетті рамазан айында қайырымдылық көрсетіп, 1 млн теңге берді. Біз мұны Әдиетке табыс еттік. Ол бұған дейін 6 млн теңге қаржы жиналғанын жеткізді. Осылайша жалғаса берсе, бауырымыздың еміне қажетті қаражат жетіп қалар. Алла шипасын берсін!», деді Мұратбек Жахатов.

Атын атамауды өтінген кәсіпкер медресе шәкіртіне 1 млн теңге берді

Бір күнде төрт пәтер: Атырауда “Иманғали” мешіті мұқтаж отбасыларға баспана тапсырды (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырауда төрт мұқтаж отбасына баспана табыс етілді. Осымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырауда жеті пәтер тапсырылып отыр. Бұл жайында amin.kz ақпарат көзі хабарлады. 

Зайналбек Типаев баспана бақыты бұйырған шаңырақ иесінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың баспана қуанышын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы бастаған орталық “Иманғали” мешітінің ұжымы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері құттықтады.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты бағыты қайырымдылық. “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырау орталық мешіті жанынан “Шаңырақ” қайырымдылық қоры құрылды. Аталмыш қордың басты міндеті – мұқтаж отбасыларды басыбайлы баспанамен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні жақында ғана жұмысын бастаған қор арқылы бес баспана тапсырылып отыр. Оның ішінде, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылар қамтылуда.

Бұл игілікті іс жалғасын табады. Біз Алла разылығы үшін шын мұқтаждарға баспана бақытын сыйлауға мүдделіміз.

Мәселен, Зайналбек Типаев ағамыз денсаулық жағдайының ауырлығына қарамастан, ұзақ уақыттан бері мешітке келіп жүрген жамағат. Бұл кісінің жағдайынан барлық жамағат хабардар. Қасиетті Рамазан айының құрметіне, пәтермен бірге Зайналбек ағамызға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба табыс етілді” деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

“Мұндай қуанышты күннің болатынын тіпті күткен де жоқпын. Жолдасым екеуміз он бір жылдан бері пәтер жалдап, баспана тауқыметін көріп келеміз. Өзім базарда сатушының көмекшісі болып жұмыс істеймін. Тапқан-таянғанымыз пәтер ақысынан, күнделікті тағамнан арылмайтын. Осы шаңырақта бақытымыздың еселенеріне сенеміз” деп алғысын білдірді Зайналбек Типаевтың жұбайы Надежда Шевердина.

Ал, қалған үш пәтер иелерінің қоныс тойын тойлайтын күні жақын. Себебі, ол отбасыларға демеушілер Атырау қаласындағы “Самал” ықшамауданында салынып жатқан “Самал town” тұрғын үй кешенінен үш жаңа пәтерді сыйға тартпақ. Қазіргі таңда ол отбасыларға пәтердің заңды иесі екендігін растайтын құжаттар табыс етілді.

Бесінші баспана ертең көп балалы отбасына Жылыой ауданында табыс етіледі.

Еске сала кетелік, 2017 жылдан бері мүфтият “Ел үлесі – пәтерге” жобасын жүзеге асырып келеді. Аталмыш жоба аясында Атырау облысында осымен орталық “Иманғали” мешітінің ұйытқы болуымен жеті баспана тапсырылып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1184898
Пікірлер

Көрші сілтемелер