Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-191033433346 %54 %
2020-01-201839508052 %48 %
2020-01-21666174746 %54 %

Қазақстанда алғаш рет: ICD мен Al Saqr Finance серіктестік туралы Меморандумға қол қойды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 12:45 - 2019/12/11


Қазақстанда алғаш рет: ICD мен Al Saqr Finance серіктестік туралы Меморандумға қол қойды

«Аль Сакр Финанс» АҚ-ның Басқарма төрағасы Думан Нұрбаев Жеке меншік секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясымен (ICD) серіктестік туралы айтып берді.

Al Saqr Finance – нарықта 19 жыл даму тарихы бар үздік ислам қаржы компаниясы. 2016 жылы дәстүрлі лизинг ұйымынан әмбебап ислам қаржы компаниясына конвертация жасалды.

2017 жылдың басынан бері компания шағын және орта бизнеске ислам лизингі (Иджара), коммерциялық несие (Мурахаба), т.б. беру бойынша қаржы қызметін көрсетіп келеді. Корпоратив және жеке клиенттерге ұсынылатын барлық өнімдер Компанияның Шариғат кеңесімен мақұлданған (Бахрейндік Shariyah Review Bureau).

Компания Қазақстанда ислам қаржыландыру саласында бірегей өнім шығарушы болып табылатынын айта кеткен жөн. Атап айтқанда, 2017 жылдан бері компания еліміздің екінші деңгейлі банктерінің бірімен бірлесіп, Қазақстандағы алғашқы ислам төлем картасын шығарады. Қазіргі таңда компанияның ислам төлем картасын шығару бойынша серіктесі «The Banker» нұсқасы бойынша 2018 жылы Қазақстандағы үздік банк «ForteBank» АҚ болып табылады. Компания жоспарында еліміздің басқа да ірі қаржы институттарымен бірігіп сол іспетті ортақ карталарды шығару жобалары бар.

Сонымен қатар, компания «Даму» Қорының шағын және орта бизнес субъектілерін ислам қаржыландыруы қағидаларына сай қаржыландыру Бағдарламасын бастаушылардың бірі.

Оған қоса компания «Астана» Халықаралық қаржы орталығы және «Даму» қорымен бірлесіп, Islamic Finance Qualification (IFQ) кәсіби білім беру бағдарламасымен әріптестік арқылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға қатысады. Бұл бағдарлама Chartered Institute for Securities&Investment (CISI) мен Ливан Орталық банкі құрастырылған.

Айта кететін жайт бүгінгі таңда Al Saqr Finance Қазақстан аумағында ислам қаржы индустриясының көшін бастап келеді.

Жеке меншік секторды дамыу бойынша Ислам корпорациясы (ICD) халықаралық ұйым және Ислам даму банкі (IDB) тобының мүшесі. Корпорация мақсаты – экономикалық дамуды қолдау және Шариғатқа сай жүзеге асатын қаржыландыру мен инвестиция құю арқылы мүше-елдерде жеке меншік секторын дамытуға үлес қосу. Сонымен қатар, Корпорация жеке меншік кәсіпорындар құру, кеңейту және жаңарту мақсатында үкіметтер мен жеке меншік ұйымдарға кеңес беру қызметін атқарады. Оған қоса, Жеке меншік секторды дамыу бойынша Ислам корпорациясы  (ICD) жобалар мен ислам қаржыландыруы мен капитал нарығын дамытуға қосымша ресурс жұмылдыру мен көтермелеуге мандаты бар.

 

Әлбетте, Меморандумға қол қою Қазақстан Республикасы аумағында стратегиялық серіктестіктің бастамасы болды.

Біздің Компанияның даму стратегиясы жақын арада бесленді өркендеу көздейді, сол үшін біз Жеке меншік секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясы (ICD) сияқты ірі халықаралық ұйыммен серіктес болғанымызға қуанамыз. Жеке меншік секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясының (ICD) халықаралық тәжірибесі мен ислам қаржы нарығында маңызы зор, ол бізге қойған мақсаттарымызға жетуде қосымша сенімділік беріп, компания дамуына жаңа бағыттар ашады., – дейді Думан Нұрбаев.

Өзіндік ерекшеліктері бар Ислам қаржыландыруы әлемдік қаржы қызметтер нарғында дәстүрлі қаржыландырумен қатар өз орнын тапты. Ислам қаржыландыруы Қазақстанда да зайырлы қоғам қағидалары мен мұсылман құқығы арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандырып тұратын нәтижелі құралға айналып бара жатқаны сөзсіз.

Жеке меншік секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясы (ICD) тараптынан Меморандумға  CEO - Ayman Amin Sejiny, ал  Al Saqr Finance тарапынан Директорлар кеңесінің төрағасы Сексенбаев Берікқазы Төлеубекұлы қол қойды.

Сексенбаев Берікқазы Төлеубекұлы посткеңестік аумақта және шет елдерде беткеұстар әрі көрнекті  тұлға болып табылады. Оған бір дәлел – Қазақстан мене Малайзия үшін тарихта ерекше орны бар оқиға  - 2016 ж. Малайзияның Куантан қаласында өткен лауазым беру салтанаты. Малайзия патшасы Хаджи Ахмад Шахтың бұйрығы бойынша Жоғары Мәртебелі ханзада Абдулла Аль Хадж ибн Султан Ахмад Шах «Дато» малайзиялық құрметті лауазымын алғаш рет Қазақстан азаматына – Берікқазы Төлеубекұлына берді. Әдетте, «Дато» лауазымы ел азаматтары мен шеиел азамаииарына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ғылыми-зерттеу жұмысы, мәдениет, өнер және спортты дамытуға, халықтар арасында бейбітшілік, достық, серіктестікті дамытуға үлес қосқаны үшән беріледі. Ол британдық «Сэр» лауазымына теңбе-тең.

Бүгінде Дато Берікқазы Төлеубекұлы спорттағы (шөп үстіндегі хоккей) бірегей жетістіктерімен қатар табысты кәсіпкер. Ол «БЕККЕР и К» ЖШС-мен «Сарыарка-ENERGY» ЖШС-нің Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан шөп үстіндегі хоккей федерациясының Бірінші вице-президенті, Азия шөп үстіндегі хоккей Федерациясының Бірінші вице-президенті және т.б., - деп, Думан Нұрбаев атап өтті.

Екі жақ бірін бірі ортақ жұмыс пен табысты даму серіктес көреді, ол жаңа жобаларды іске асыруға көмектеседі. 

– Қазір біз ислам қаржы нарығында әмбебап ислам қаржы компаниясы ретінде орнықтыққанымызды ерекше атап өткім келеді. Өткен сұхбаттарымның бірінде біздің шағын және орта бизнеске ұсынар өнімдер бойынша үлкен жоспарларымыз бар екенін, сонымен қатар, жеке клиенттерге де ұсынарымыз аз емес деген болатынмын. Түрлі қаржы өнімдері аясында біздің клиенттерге пайдалы әрі ұтымды болатын жаңа идеялар мен инновациялар ұсынуға ұмтылатынымзды да қайталап айтқым келеді.

Бізге артылған сенімді жоғары бағалап, аталып өткен бағыттар бойынша жаңа серіктстерімізбен үздік тәжірибе алмасып, заманауи нарыққа ислами қаржыландыру қызметтерін кеңейту аясында жұмыс істейтін боламыз.

Жеке меншік секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясына (ICD) шын жүректен алғыс айтып, Жеке меншік секторды дамыту бойынша Ислам корпорациясының (ICD)  басшылығына серіктестігіміз басталғаны үшін ілтипатымызды білдіріп, бастаған ісіміз оңынан болады деп үміттенеміз., - деп,  Думан Нұрбаев өз ойымен бөлісті.

Яғни, Меморандумға қол қою ислам қаржысы нарығында табысты серіктестік  пен Қазақстан экономикасының даму тенденциясының мысалы болып табылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1082776
Пікірлер

Көрші сілтемелер