Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-25980317759 %41 %
2020-01-261180367846 %54 %
2020-01-271557719571 %29 %

Балаларды күш қолданып тәрбиелеуге басыбүтін тыйым салынады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2019/12/06


Балаларды күш қолданып тәрбиелеуге басыбүтін тыйым салынады

Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігі ата-аналардың балаларын ұрып-соғып тәрбиелеуге итермелейтін себептер бойынша баланы ұруға тыйым салатын, басшылыққа алатын принциптер жобасын жариялады. Күншығыс елі билігінің бұл шарасы келесі жылдың сәуір айында қолданысқа енетін, балаларға қатаң қарауға тыйым салатын заңмен байланысты қолға алынып отыр. Мәселен, ата-аналардың балаларын жазалауға итермелейтін мынадай себептер бойынша жазалауға болмайды: үй тапсырмасын орындамағаны үшін кешкі асын бермей қоюға, ұзақ уақыт жүрелетіп отырғызуға, үш мәрте тіл алмаған жағдайда нұқуға немесе ұруға, т.б. тыйым салынған. Сондай-ақ, аталмыш нұсқаулық жобасында ата-аналарға балаларын қандай да бір жетістікке жеткен баламен салыстырып сынамауға, қалжыңдап болса да балаға «сені мына өмірге бекер әкелгем екем» деп айтпауға, т.б. кеңес берілген. Бұған қоса, аталмыш нұсқаулық жобасында баланы таяқтап, күш қолданып тәрбиелеудің бала психикасына орасан зор теріс әсер ететіні ғылыми тұрғыдан дәлелденгені айтылған. Бұл жайында жапондардың The Jiji Press ақпарат көзі хабар таратты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1080823
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар