Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ордерсіз гаджеттегі жазбаларды тексеру заңсыз



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 13:15 - 2019/11/14

Нақты Көзі: http://islam.kz/kk/news/alem/ordersiz-gadjettegi-jazbalardy-tekseru-zansyz-12678/


Ордерсіз гаджеттегі жазбаларды тексеру заңсыз

АҚШ-тың федералды соты шекара қызметіндегілердің азаматтардың гаджетіндегі жазбаларды орынсыз себеппен тексеру тәжірибесін заңсыз деп жариялады. Бұл жайында Engadget ақпарат көзі хабар таратты. АҚШ-тың федералды соты адамдардың жеке ісіне қол сұғумен бірдей тәжірибені ел конституциясының төртінші түзетуіне қайшы келеді деп тапты. Сот жетекшісі Дениз Каспер мұндай жағдайда биліктің мүддесі мен адамдардың жеке өмірін қорғау арасында тепе-теңдікті сақтайтын жолды табудың маңыздылығына тоқталды.  Федералды соттың осы үкімінен соң шекарашылар тек орынды себептермен ғана, яғни, ордер алған соң тексере алады. Азаматтардың гаджетіндегі жазбаларды. Адамның жеке өміріне қол сұғумен бірдей бағаланған аталмыш тәжірибені тоқтату туралы талап шағымдар 2017 жылдан бастап түсе бастаған. Шағымданушылар гаджетіндегі коммерциялық құпияларды, т.б. қамтитын ақпараттар мен деректерді оқығанын алға тартып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1071794
Пікірлер

Көрші сілтемелер