Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-192440715839 %61 %
2019-11-201983628842 %58 %
2019-11-21334111654 %46 %

Аралардың иммунитеті нығайтылатын болды. Қалай?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 10:00 - 2019/10/23


Аралардың иммунитеті нығайтылатын болды. Қалай?

Аргентинада ірге тепкен Beeflow компаниясы араның иммунитетін нығайтатын әрі күн салқындағанда суыққа төтеп беруіне көмектесетін, былайша айтқанда, адамзатқа тигізер пайдасы ұшан-теңіз қанатты жәндіктің белсенділігін арттыратын тағам қоспасын әзірледі. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Аралардың адамзат өміріндегі маңызын тағы бір мәрте еске сала кетсек, артық болмас: біз сөз етіп отырған қанатты жәндіктер әлемдегі астықты өсімдіктердің үштен бірі тозаңдатады. Яғни, әлемдегі астықты өсімдіктердің үштен бірінің өсіп-өнуіне жағдай жасайды. Алайда, соңғы жылдары егістік алқаптарында түрлі тыңайтқыштар мен пестицидті пайдалануға әрі климаттың өзгеруіне байланысты аралардың қарасы күрт сиреп барады. Осыған орай Beeflow компаниясы араларды сақтап қалу әрі олардың белсенділігін жоғалтпасы үшін осындай қадамға барып отыр. Аралардың тағам қоспасы 2019 жылдың ақпан айында сынақтан өткізіле бастады. АҚШ-тың Калифорния штатындағы бадам өсіретін аса ірі фермада. Бұл өсімдіктің ерекшелігі сонда – оның тозаңдану уақыты тым шектулі, үш аптадан аспайды. Егер бұл уақытта ауа температурасы төмендеп кетсе, суық ұрған аралар тұяғын қыбырлатпайды. Яғни, бадамның түсімі кемиді. Beeflow компаниясының өкілдері Калифорниядағы сынақ нәтижесінің әлі талданып жатқанын алға тартқанымен тағам қоспасынан бадам, қаражидек, алма және киви түсімі 90%-ға артқан. Beeflow бас директоры Матиас Виль осынау адамзатқа аса пайдалы іске мұрындық болған аталмыш компания осы мақсатта 3 млн доллар шамасында инвестиция тартылғанын мәлімдеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1063142
Пікірлер

Көрші сілтемелер