Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас мүфти мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 17:15 - 2020/10/17

Нақты Көзі: http://www.muslim.kz/news/bas-mufti-mumkindigi-shekteuli-balalarga-arnalgan-qayiyrymdylyq-sharasyna-qatysty-foto





Атырау облысына жұмыс сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін өткізілген қайырымдылық акциясына қатысты.

Бассейнге емдік мақсатта бір айлық сертификат жастайынан түрлі дертке шалдыққан 30 балаға табыс етілді.

«Алла Тағала дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық берсін. Мұсылманның міндеті – әркез бауырына қамқорлық таныту, мейірбан болу. Акция аясында табыс етіліп отырған сертификаттар сауығып кетулеріңізге себепші болғай» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, игі шара өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының ұйымдастыруымен өтті. Сондай-ақ кция аясында Сириядан «Жусан» операциясымен оралған 17 балаға киім-кешек табыс етілді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1282402
Пікірлер

Көрші сілтемелер