Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-175818218 %82 %

Елордадағы «Әлжан ана» мешітіне бас имам тағайындалды (ФОТО) | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 19:45 - 2019/07/12





Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Серікбай Әділхан Иманәліұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды. Қасиетті жұма намазына жиылған мешіт ұжымы мен жамағатына республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин жаңа бас имамды таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Елорда жамағатына жақсы таныс Серікбай Иманәліұлы бұған дейін «Нұр Астана» мешітінде ұзақ жылдар бойы имамдық қызмет атқарып келген болатын. Жаңа басшының осы жылдар ішінде жемісті еңбек атқарып, дін саласына қосқан орасан үлесі жайлы айтып өткен Қанат Қыдырмин Серікбай қариға сәттілік тілеп, ізгі лебізін білдірді.

Серікбай Әділхан Иманәліұлы Қазіргі Түркістан облысы, Мақтарал ауданында 1980 жылы 21-мамырда дүниеге келген.

1995-1997 жылдары Шымкент қаласындағы «Арыстанбаб» медресінде білім алған. 2000-2004 жылдары Халықаралық қазақ-араб университетін Дінтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қызмет жолын 2006-2007 жылдары ҚМДБ Қарағанды облысы өкіл имамының көмекшілігінен бастаған Серікбай Әділхан 2007-2011 жылдары «Нұр Астана» орталық мешіті бас имамының көмекшісі, 2011-2015 жылдары Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы, 2015-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметтерін жемісті атқарып келді.

Қазақ, араб, парсы, түрік, өзбек тілдерін еркін білікті ұстаз 2017-2019 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Дінтану» кафедрасының білім жетілдіріп, «Дінтану магистрі» дәрежесіне ие болған.

Бүгінде төрт баланың әкесі болған Серікбай Әділхановтың осы жылдар ішінде Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының (2015), ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің (2017), Астана қаласының әкімінің (2017), Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысының (2017), Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқарма басшысының (2018) алғыс хаттарымен марапатталғаны – қалтқысыз қызметінің белгісіндей.

 

 

Дереккөз: muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1022448
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Дүние жүзілік малтау жү 3 min
Осы араны басып көріңіз 23 min
Өзін-озы басқаруға көме 1 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 1 sagt
Ақмола облысында жол ап 1 sagt
Елордалық аз қамтылған 1 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 1 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 1 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 2 sagt
Алты жастан төменгі бал 2 sagt
Қарағандылықтар аймақта 2 sagt
Казахстанцы могут обрат 2 sagt
Қазақстандық балуан қыз 2 sagt
«Киелі Алтай» 2 sagt
Наркодилер из ВКО призы 2 sagt
Казахстан вошел в списо 3 sagt
Құқық бұзушыларды қоғам 3 sagt
Нұр-Сұлтанда аз қамтылғ 3 sagt
Тараз тұрғынынан 21 кел 3 sagt
Нұр-Сұлтанда бокстан ҚР 3 sagt
Нүркен Мазбаев «Астана» 4 sagt
Әділхан Макин «Славян б 4 sagt
Еуроодақ Түркияға қарсы 4 sagt
Канаданың шығысында ұша 4 sagt
Қарағандыда кәрізге құл 4 sagt
Өңірде биыл іске қосылғ 4 sagt
Болат Бақауов: Дүкен сө 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt