Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20447195040 %60 %
2019-07-2112556916 %84 %

Бала тәрбиесінде ескерілуі тиіс 4 қағида | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 14:30 - 2019/07/12





Бала – Алла Тағаланың берген рақымы әрі сынағы. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Сендердің әрқайсың бақташысыңдар және сендердің әрқайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші өзінің қол астындағыларға бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел де күйеуінің үйінде бақташы, әрі өзінің бақташылығына және оның балаларына жауапты. Сонымен, әрқайсың бақташысыңдар және әрқайсың баққандарыңа жауапкершілік көтересіңдер»,[1] – деген.

Кез келген ата-ананың және салиқалы ұрпақ сүюді мұрат еткен жандардың көкейінде «Қайтсем Алла разы болатын ұрпақ тәрбиелеймін? Баламның бақыты үшін, оның бойына адами қасиеттерді сіңіру үшін не істеуге болады?» деген секілді сансыз сұрақтар болары анық.

1. Үлгі болу

Бала – ата-ананың айнасы. «Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық» дейді қазақ. Ең алдымен, ата-ана өздері үлгі болуы тиіс. Балаңызға берген ақыл-кеңесіңіз өз бойыңыздан табылмаса, оған құлақ аса қоюы екіталай. Сол үшін де өзімізді тәрбиелеп, жетілдіруге көңіл бөлгеніміз дұрыс. Асыл дініміз исламның көркемдігі өз бойымыздан табылғанда ғана баламыздың мінезіне сіңіре аламыз.  

2. Өзара сыйластық

 Жанұядағы ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы өте маңызды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, баламыздың келешектегі отбасылық түсінігі, қарым-қатынасы балалық шақта көргеніне байланысты болмақ. Әйелі ерін сыйлайтын, ері әйелін құрметтейтін текті отбасыдан текті бала шығады. 

3. Бос уақытын бақылау

Заман солай деген желеумен баламыздың компьютер, планшет, ұялы телефон және теледидар секілді сандық техникалармен бар уақытын сарп етуіне мүмкіндік беріп жататынымыз жасырын емес. Жарты күнін экран мен суперзаманауи гаджеттердің алдында өткізетін бүгінгі баланың ертеңіне ертерек алаңдасақ, ұтылмасымыз анық. Ол үшін баламыздың түрлі гаджеттерді қолдану уақытын шектеп қана қоймай, көріп отырған дүниесінің мазмұны дініміз бен діліміздің құндылықтарына қайшы келмеуін де қадағалап отырған абзал.

Тәрбиесінде кем-кетік болмауы үшін түрлі тыйымдардың орнына балама зат, әрекет ұсынып, соған қызықтырған өтімдірек. Айта кетерлік жайт, олардың бала денсаулығына тигізер зияны жетерлік. 

4. Мейірімді болу

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) балаларға өте мейірімді еді. Әл-Ақра ибн Хабис әз пайғамбардың (с.ғ.с.) жиені Хасанды сүйіп жатқанын көріп: «Менің он балам бар, бірақ мен оларды сүймеймін», – деген екен. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Өзі мейірімді болмаған жан, мейірімге кенелмейді»,[2] – деп жауап берген.

Балаңызбен қарым-қатынас кезінде барынша жұмсақтық танытып, басынан жиі сипап, жақсы іс жасаса, мақтай түсу – құптарлық іс. Мақтан сүйетін бала тілалғыш келеді. Мейірімділік танытар болсақ, болашақта байсалды, жанашыр, мінезі жұмсақ азаматты тәрбиелеп шығарымыз анық. Бала тәрбиесі басынан осылай қолға алынса, жұғымды болады. Берген тәрбие тасқа қашап жазу жазғандай жүрегіне әсер етіп, жеміс береді.

 


[1] Бұхари, Мүслим.
[2] Мүслим.

Дереккөз: muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1022296
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Еліміздің ауыл шаруашыл 13 min
Чили жағалауында қуатты 1 sagt
7 тарау еңбекәқіні кеше 1 sagt
Қызылордада таныстарыны 1 sagt
Ішкі моңғұл автономялы 1 sagt
Перуде Убинас жанартауы 1 sagt
«Зерен-2019»: Танымал т 2 sagt
Біздің мерекеміз: құйқы 2 sagt
Қазақстан джиу-джитсуда 2 sagt
АҚШ Иранмен келіссөз жү 2 sagt
Қарттық жәспен өлшенбеи 2 sagt
Байқоңырдан ғарышқа «Со 2 sagt
Түркияда  «Кәне, балала 2 sagt
«Киелі Алтай: Бере 2 sagt
«Қайсар» өз алаңында «А 3 sagt
Теннис: Александр Бубли 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Жексенбіде елімізді бас 3 sagt
ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаң 3 sagt
Тұрағұл Абайұлы | Әдеби 4 sagt
Алматы облысында көлік 4 sagt
Теннис: Елена Рыбакина 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Елорда маңындағы Қоянды 4 sagt
Махмұт Сабырхан Президе 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 5 sagt
Бейбіт Назаров Мартин Б 5 sagt
Байқоңырдан тағы бір эк 5 sagt
«Қайрат» Еуропа лигасы 5 sagt