Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21529191842 %58 %

Өзіңіз ғана емес, өзгеге де үйрететін маңызды дұға | muslim.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Мүслим мақалалары

Жолданған уақыты: 15:45 - 2019/06/13





Алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі Зәйд ибн Сәбит (р.а.) жеткізген хадис-шәріпте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған осы дұғаларды үйретіп: «Күн сайын таңертең осы дұғаларды оқып тұр», − деген. Сондай-ақ, оған аталмыш дұғаларды отбасы мүшелеріне де үйретіп, ертелі-кеш оқып тұруларын қадағалауды тапсырған. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жақын достарының біріне қандай да бір дұғаны үйреткен соң, сол дұғаны өзгелерге де үйретуін қалауы, әлгі дұғаның және оның жиі оқылуының өте маңызды екенін білдірсе керек[1].

Ләббәйкә Аллаһуммә ләббәйкә, ләббәйкә уә сә‘дәйкә уәл-хайру фи иәдәйкә уә минкә уә иләйкә.

Аллаһуммәмә қульту мин қаулин әу халәфту мин халифин әу нәзәрту мин нәзрин әу ‘амилту мин ‘амалин фә мәшии'әтукә бәйнә йәдәй зәликә куллиһи, мә ши'тә кәәнә уә мә ләм тәшә' ләм иәкун уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә бикә иннәкә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир.

Аллаһуммә мә салләйту мин саләәтин фә‘алә мән салләйтә уә мә лә‘анту мин лә‘нин фә‘алә мән лә‘антә иннәкә уәлий фид-дүниә уәл-әәхира тәуәффәни муслимән уә әлхиқни биссалихиин.

Аллаһуммә инни әс'әлукәр-рида ба‘дәл-қада уә бәрдәл-‘айши ба‘дәл-мәути уә ләззәтән-назари илә уәжһикә уә шәуқан илә лиқаа'йкә мин ғайри дарраа'ә мудыйрратин уә лә фитнәтин мудыйлләтин уә ә‘уузу бикә ән азлимә әу узләмә әу ә‘тәдиә әу ю‘тәдә ‘аләйя әу әксибә хатыи'әтән әу зәнбән лә юғфәру. Аллаһуммә Фаатыйрас-сәмәәуәәти уәл-ардый ‘алимәл-ғайби уәш-шәһәәдәти зәл Жәләәли уәл-Икраами фә инни а‘һәду иләйкә фи һәзиһил-хайәәтид-дүниә уә ушһидукә уә кәфә бикә шәһиидән.

Инни әшһәду ән лә иләәһә иллә әнтә уахдәкә лә шәриикә ләкә ләкәл-мульку уә ләкәл-хамду уә әнтә ‘алә кулли шәй'йн Қадиир.

Уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдукә уә расуулукә уә әшһәду әннә уа‘дәкә хаққун уә лиқа'әкә хаққун уәс-сәә‘тә әәтиәтун лә райбә фииһә уә әннәкә тәб‘асу мән фил-қубуури, уә әннәкә ин тәкилни илә нәфси тәкилни илә да‘фин уә ‘аузәтин уә зәнбин уә хатыи'әтин.

Уә инни лә әсиқу иллә бирахмәтикә фәғфир ли зунууби кулләһә иннәһу лә иағфируз- зунуубә иллә әнтә уә туб ‘аләйя иннәкә әнтәт-Тәууәәбур-Рахиим.

Мағынасы:

Уа, Алла Тағалам! Әміріңе құлдық, әміріңе құлдық деп алдыңа келдім. Қуаныштан қуанышқа жеткізе гөр деп, алдыңа келдім. Бар жақсылық бір Өзіңнің қолыңда. Бір Өзіңнен келіп, қайтадан Өзіңе қайтады.

Уа, Алла Тағалам! Не айтсам да, не нәрсеге ант етсем де, қандай уәде берсем де және не істесем де соның бәрі Сенің қалауыңмен жүзеге асты. Сен не қаласаң, сол болды, қаламағаның болмады. Сенсіз бізде күш те, қуат та жоқ. Расында, Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді.

Уа, Алла Тағалам! Сен кімді мейірімің мен разылығыңа бөлесең, оқыған әрбір дұғам соған да дарысын. Сен кімді лағынеттесең, айтқан әрбір лағынетім соған да арналсын. Расында, Сен менің дүниедегі және ақыреттегі шынайы қамқоршымсың. Жанымды мұсылман күйінде ал және мені ізгі құлдарыңның қатарына қоса гөр!

Уа, Алла Тағалам! Бір Өзіңнен, қандай да бір зиянға және адастырып, азғырушы бүлікке душар болмастан берген үкіміңе (тағдырға) ризашылық білдіруді, өлімнен кейін рахат өмір сүруді, пейішке кіргенде Дидарыңды (яғни, ұлылығыңа лайық түрде Өзіңді) тамашалау ләззатын және Өзіңмен қауышуға деген сағыныш сезімін беруіңді сұраймын! Біреуге қиянат жасаудан немесе жәбір-жапа шегуден, біреуге қастық қылудан, яки қастыққа ұшыраудан, сондай-ақ, өшпес қателік немесе кешірілмес күнә жасаудан сақтай гөр!

Уа, жеті қат аспан мен жерді жаратқан, ғайып пен жария әлемді толық Білуші, ұлылық пен асқан жомарттық Иесі Алла Тағалам! Осы дүниеде Өзіңе адал болуға уәде беремін және Өзіңді осы уәдеме куә етемін. Сенің куәлігің толығымен жеткілікті.

Расында, мен Өзіңнен басқа тәңір жоқ екеніне, жалғыз екендігіңе және ешбір серігің жоқ екеніне куәлік етемін. Бар билік бір Өзіңнің қолыңда. Бар мақтау мен мадақ бір Өзіңе ғана тиесілі және Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді.

Сондай-ақ, Мұхаммедтің құлың әрі елшің екеніне куәлік етемін. Берген уәдеңнің хақ екеніне, Өзіңмен қауышудың да хақ екеніне, Қиямет күнінің еш шүбәсіз орнайтынына және қабірдегілерді түгелдей қайта тірілтетіндігіңе де куәлік етемін. Расында, мені нәпсіме табыстар болсаң, осалдық пен мұқтаждыққа тап болып, күнәға батып, қателікке ұрынарым сөзсіз.

Шын мәнінде, мен Өзіңнің шексізмейіріміңе ғана толық сенім артамын. Күнәларымды түгелдей кешіре гөр! Расында, құлдарыңның күнәларын бір Өзің ғана кешіре аласың. Тәубемді қабыл ете гөр! Сен – тәубелерді қабыл Етуші һәм ерекше Мейірімдісің!


[1] Муснәду Ахмәд, Муснәду әл-ансар 20678

Дереккөз: muslim.kz


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=43&id=1008594
Пікірлер

Көрші сілтемелер