Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Альтруизм деген не? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелей



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 02:15 - 2019/12/15

Нақты Көзі: http://www.massaget.kz/layfstayl/bilim/60124/


Альтруизм деген не? Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Альтруизм деген не?

Альтруизм (лат. тілінен alter - өзге) – басқа адамдардың мүддесін бірінші орынға қою принципі. Яғни өзгелерге көмек беріп, оларға жағдай жасауға тырысу. Бұл ұғым эгоизм терминіне қарама-қарсы қолданылады.

Альтруист әрдайым басқаларға жақсылық тілеп, шын көңілімен қол ұшын созуға дайын тұрады. Бұл терминді ұғым ретінде француз философы О. Конт енгізген. Ол "басқалар үшін өмір сүр" деген тұжырым жасады.

Альтруист адам әрдайым таңдау еркіндігіне ие. Себебі оның әрбір әрекеті өз еркімен жасалады. Сонымен қатар альтруист әрқашан "дұрыс" шешім қабылдауға тырысады.

Мұндай адамдар өз ішінде "әмбебап" және "өзара" болып бөлінеді. Олардың айырмашылығы бар. "Әмбебап" альтруист бұл терминді (альтруизм) этикалық заң ретінде қабылдап, оны ұстануды жөн көреді. Ал "өзара" альтруист тек көмекке мұқтаж адамдардың жанынан табылуға ұмтылады.

Альтруизмнің ең жағымсыз тұсы – өзгенің ауасымен тыныстайтын альтруистер өз басын екінші кезекке ысырып тастайды және ол адамды біреудің қолжаулығына айналдыруы мүмкін.

Альтруистің жарқын үлгісі – Прометей. Прометей Зевстің қарсылығына қарамастан, адамдар өмір сүрсін деп оларға Олимптан ұрлап, от әкеліп берді. Бұл үшін Зевс оған лайықты жазасын берді. Прометейді құзар шыңға шынжырлап тастады. Күн сайын бұғаудағы Прометейге бүркіт ұшып келіп, оның денесін шоқып жейтін. Аңыз бойынша, Құдайлар ажалсыз болғандықтан, Прометей өлмесе де, нағыз азапты тартып жатты. Прометей Зевсті тақтан құлата алатын құдіретке ие еді. Бірақ, ол адамдар қиналмасын деп жан төзбейтін азапқа шыдап бақты.  Әр кәллада бір қиял. Әр адамда бір арман. Альтруист осы өмірдің бақыты біреуге көмектесуден алатын рақат деп түсініп, жан қалауын қанағаттандыра отырып, сәтсіздікке тап болып жатса, оның себебі өз басымды ойламаудан деп санамайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1084347
Пікірлер

Көрші сілтемелер