Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-0924435763 %37 %

"Қазақтың бұлбұлы" Бибігүл Төлегенова 90 жылдығын атап өтпек Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Біз



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 10:35 - 2019/12/03


"Қазақтың бұлбұлы" Бибігүл Төлегенова 90 жылдығын атап өтпек Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Бүгін опера сахнасының аңызға айналған тұлғасы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенова «Астана Опера» МОБТ сахнасында мерейтойын атап өтеді. Көптеген жанкүйерлер әйгілі әншімен кездесуді асыға күтуде.

Тамаша лирикалық-колоратуралық сопрано иесі Бибігүл Төлегенованың шәкірттері мен «Астана Операның» солистері – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Жәмиля Жарқымбаева, Дина Хамзина, Медет Чотабаев, Мейір Байнеш, Жанат Шыбықбаев, Азамат Жылтыргөзов, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, Гүлжанат Сапақова, Елена Низамутдинова, Гүлдана Алдадосова т.б. кештің рухани атмосферасын аша түседі.Концерттің шақырылған қонағы – Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың Гран-при иегері (2019 ж.), керемет тенор, дүние жүзі бойынша сұранысқа ие әнші Козимо Оресте (Италия).   

КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың өнер көрсетуі жұртшылық үшін нағыз сый болмақ. 

- Сүйікті тыңдармандарымның махаббаты қашан да менің шығармашалығыма берілген үлкен баға. Сондықтан мен олардың алдында орасан зор жауапкершілікті сезінемін және осы концерт мен үшін қымбат тыңдармандарымның алдындағы есебім деп санаймын. Бұл күні менімен бірге сахна төріне көпшілігі биыл онжылдық мерейтойы аталып өткен байқауымның лауреттары болып табылатын «Астана Опера» солистері шығады, – деп  әңгімеледі Бибігүл Төлегенова.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гаухар Усина, Әнел Рүстемова, Тайыр Ғатауов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов, Назир Заетов, Бостан Қожабеков, Сұлтанбек Ғұмардың орындауындағы тамаша нөмірлер кештің көркін аша түспек.  

«Астана Опера» симфониялықоркестрі, хоры жәнебалеті. Дирижерлер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, Арман Оразғалиев. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратова. Режиссері – Наталья Кагадий.

Бағдарламада қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, оркестрлік шығармалар, хореографиялық нөмірлер болады.

Бұл шығармашылық кеш әртістердің ұлы әншіге жасаған музыкалық тартуы болмақ.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1079178
Пікірлер

Көрші сілтемелер