Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-281599433536 %64 %
2020-01-291577496140 %60 %
2020-01-30375100756 %44 %

Александр Винокуровтың велосипеді Павлодар тұрғынына бұйырды Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 13:40 - 2019/09/12


Александр Винокуровтың велосипеді Павлодар тұрғынына бұйырды Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Александр Винокуровтың велосипеді  Павлодар тұрғынына бұйырды

"Сенің жаңа қырың!" челленджінің жеңімпазы Павлодар қаласының тұрғыны Евгений Зимарев болды. Ол 2700,219 километрді еңсеріп, жаздың басты сыйлығы - Vino RD-01 S-Lineкәсіби карбон велосипедін Vino Bike қазақстандық брендтің ресми өкілінен алды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жаздың басында Александр Винокуров "Сенің Жаңа Қырың!" жобасы аясында триатлонға арналған челлендждің басталғанын жариялады. Олимпиада чемпионы барлық қазақстандықтарға эстафтенаны жалғастыруды ұсынған болатын. Жобаға қатысушылар Олимпиада чемпионының жүлдесіне ие болу үшін үш ай бойы жүгірді, жүзді, салауатты өмір салты үшін жатпай еңбектенді. 

Челленджге қатысушылар үш ай ішінде экватордың ұзындығына те ңқашықтықты еңсеріп, өздерінің әлеуметтік желілерінде 2 000-нан астам пост жариялады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от #ДРУГОЙТЫ (@drugoity)5 Сен 2019 в 3:53 PDT

Сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров алған жарақатына қарамастан, жобаға қатысудан бас тартпаған Светлана Дымовских ханымды ерекше атап өтті.

Қазақстанның ең бұқаралық спорттық интернет-жобасы челлендж "Сенің Жаңа Қырың!" жобасы 2018 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Еліміздің әрбір тұрғынының күн сайын үш апта бойы спорттың кез-келген түрімен шұғылдануды бастауды және өз жетістіктерін "Сенің Жаңа Қырың" хэштегі арқылы барлық әлеуметтік желілерге жариялау ұсынылды.

Жобаны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қолдады. Осыдан кейін акция шын мәнінде халықты ңкөңілінен шығып, 300 000-нан астам адам қолдау көрсетті. Үлкен ұжымдар, әскери бөлімдер, оқу орындары өздерінің спорттық жетістіктерімен бөлісті. Бас серіктес ретінде Самұрық-Қазына Траст сөз сөйледі.

2019 жылы "Сенің жаңа Қырың!" жаңа форматқа көшті. Ұйымдастырушылар салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және белсенді демалыса рнасына онлайн-флешмоб құбылысын бағыттауды мақсат етті. Осылайша мультиспорттық YouTube -" Другой Ты" арнасы пайда болды. Онда ай сайын барлық қазақстандықтарға белгілі бір атақты спортшы эстафета ұсынады, ал үздік қатысушыларға спорт федерацияларынан сыйлықтар беріледі


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1047086
Пікірлер

Көрші сілтемелер