Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1616752240 %60 %

ХV ғасырда болған оқиға Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жет



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 18:10 - 2019/08/17


ХV ғасырда болған оқиға Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


ХV ғасырда болған оқиға

Нюрнбергке таяу маңдағы шағын ауылда үлкен отбасы өмір сүріпті. Он сегіз жаннан тұрады екен, шаңырақта. Он сегіз жан! Осынша шиеттей бала-шағаны асырау үшін әке байғұс қара жұмысқа жегіліп, тәулігіне 18 сағат тер төккен дейді... 

Сол әкенің екі ұлы Нюрнберг Академиясында оқып, талантты шыңдау керек деп шешкен екен. Екеуі тиын тастап, кімнің жолы болады, сол оқуға барады.., ал, жеңілгені шахтада жұмыс істеп, оқу ақысын төлейді деп келіскен көрінеді... 

Кейін оқуды бітірген ұл өз еңбегін саудалап, шахтадағы бауырын оқуға түсіреді, оқу ақысын төлейді деп келіскен ғой... 

Альбрехт Дюрер бәстен ұтып, Альберт Дюрер шахтаға кеткен екен. Төрт жыл бойы Альберт қара жұмыстан тапқан ақшасын Академияда оқып жатқан бауырына жұмсап тұрыпты. Төрт жылда Альбрехт үздік шәкірт боп шыңдалып, оның суреттері, тіпті, академия профессорларының еңбектерінен асып түсіпті. Альбрехтің картиналары қымбат бағаланған көрінеді. 

Оқуын бітіргенде Альбрехт өзі салған суреттерді саудалап, қомақты қаржы жинап үлгереді. Ауылына келгенде, оның отбасы ерекше қуанып, үлкен етіп дастарқан жайып, ұлан-асыр той жасайды. Аста-төк отырыс қызған бір тұста Альбрехт көзесін қыса ұстап, орнынан көтеріледі. Ата-ана, аға-іні, қарындастарына ендігі жерде ауыр еңбекке жегілмей-ақ жақсы өмір сүруге мүмкіндігі жеткенін мәлімдей тұрып, сөз соңын бауырына арнайды. 

- Аса қымбатты Альберт бауырым! - дейді, ол, - Ендігі кезек сенікі! Сен енді Нюрнбергтегі Академияға түсіп, алаңсыз оқи аласың. Енді сенің де арманың орындалады. Сенің алаңсыз оқып, білім алуың үшін мен толық қамтамасыз ете аламын! 

Сонда Альберт орнынан тұрып, ебедейсіз қолдарымен жас жуған жүзін сүртіпті де.., "-Жоқ, бауырым. Менен енді суретші шықпайды. Шахтада жұмыс істеген 4 жылда менің бүкіл саусақтарым сынып, көптеген жарақат алдым. Оның үстіне, кейінгі кезде оң қолымның тамырына зақым келіп, жәй ғана қасықтың өзін әрең ұстаймын. Кешір, бауырым! Менен енді ешқашан да суретші шықпайды. Кешір, бауырым, мен үшін енді бәрі де кеш!" дейді... 

Бұл оқиғадан кейін де арада алты ғасырдай уақыт өтті. Бүгінде Дюрердің еңбектері әлем музейлерінің ең көрнекі жерлерінен орын тепкен. Оның ұлы туындылары әлі күнге қымбат бағаланады. 

...ағасының ауыр тағдыры мен орындалмаған арманы жанына батып, Альбрехт Дюрер күс басқан мыж-мыж қолдарды, өзінің бағын ашқан еңбеккер саусақтарды суретке салған көрінеді. Жәй ғана "Қолдар" деп атапты, картинасын. Алайда, ол суреттің тылсым рухы көрермендерді баурап, елдің бәрі бір ауыздан бұл суретті "Табынушының қолдары" деп атап кеткен деседі...

Аударған: Қанат Ескендір


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1035690
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас мүфти Жібек жолы ел 1 min
Оралда полиция қызметке 1 sagt
ҚР Президенті жолдауыны 1 sagt
Жастар жылы: Таразда «Б 2 sagt
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 2 sagt
Египетте перғауындар дә 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 2 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 2 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 3 sagt
Самбодан Азия чемпионат 3 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 4 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 4 sagt
Оралда қос автокөлік со 4 sagt
Кубада бензин тапшылығы 4 sagt
Пойыз бен автобус соқты 4 sagt
Менің жазғы демалысым 4 sagt
Оралда қос автокөлік тү 4 sagt
Шамалғандағы апат бойын 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Апаттан зардап шеккенде 5 sagt
Хабарландыру! – S 5 sagt
Пойыз бен автобус соқты 5 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 5 sagt
Футболдан кезекті қайыр 5 sagt
Шамалғандағы апат болға 5 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 5 sagt
Бас көлік прокуратурасы 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt