Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1616752240 %60 %

Бақытжан Сағынтаевтың Жазушылар Одағындағы кездесуінде айтылған ұсыныстар Біз сізді жарқын әлемге же



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 17:05 - 2019/08/17


Бақытжан Сағынтаевтың Жазушылар Одағындағы кездесуінде айтылған ұсыныстар Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Бақытжан Сағынтаевтың Жазушылар Одағындағы кездесуінде айтылған ұсыныстар

Қазақстан Жазушылар Одағының 85 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ақын-жазушылармен кездесті. Жиын кезінде қала әкімі қаламгерлерге қатысты өз жоспарларымен бөлісті. 

Алдымен әкім Жазушылар одағының күрделі жөндеуден өтуі үшін 250 миллион теңге бөлгенін айтты. 

"Ғимараттың тозғаны көрініп тұр. Смета жобасы бекітілді. Бюджеттен 250 миллион теңге бөлдік. Құрылыс басқармасының өкілдері ғимаратты көріп кеткен соң мәдениет басқармасы жөндеу жұмысына конкурс жариялайды. Одақтың жері жалға берілген. Оны Жазушылар үйінің қарамағына өткіземіз. Содан кейін жер де одақтың өзіне тиесілі болады", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен бірге “Алматы” телеарнасы ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығына арналған жоба әзірлейді. 

Бақытжан Сағынтаев қайда жүрсе де, "Қазақ әдебиеті" газетін жаздырып алып, оқып жүретінін айтты. “Қазақ әдебиеті” газетінің қаржы жағдайын көтеруге де қолдау көрсететінін және бюджеттен ақша бөлініп, газеттің жағдайы жақсаратынын атап өтті. 
Қала әкімі әдебиет өкілдеріне арналған халықаралық байқау өтетінін хабарлады. 
Алматы – елдің өнері мен мәдениетінің қарашаңырағы. Қаланың тарихын көпшілікке дәріптеу мақсатында 2020 жылы халықаралық “Алматы – еліміздің өркениет ордасы” атты әдеби-жанрлық байқау өткіземіз. Одақ байқауды ұйымдастыруға белсене қатысады деп үміттенеміз, – деді әкім. 
Қала басшысы қаламгерлер қаламақысының аз екенін, оны біртіндеп шешу үшін тамыз айынан бастап 30 ақын-жазушыға грант берілетінін хабарлады.

"Мен 30 қаламгерге грант бөлуді ұсынамын. 500 мың теңге ме әлде басқалай ма, оны кейін қарастыра жатармыз", – деді қала әкімі.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1035672
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас мүфти Жібек жолы ел 1 min
Оралда полиция қызметке 1 sagt
ҚР Президенті жолдауыны 1 sagt
Жастар жылы: Таразда «Б 2 sagt
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 2 sagt
Египетте перғауындар дә 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 2 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 2 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 3 sagt
Самбодан Азия чемпионат 3 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 4 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 4 sagt
Оралда қос автокөлік со 4 sagt
Кубада бензин тапшылығы 4 sagt
Пойыз бен автобус соқты 4 sagt
Менің жазғы демалысым 4 sagt
Оралда қос автокөлік тү 4 sagt
Шамалғандағы апат бойын 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Апаттан зардап шеккенде 5 sagt
Хабарландыру! – S 5 sagt
Пойыз бен автобус соқты 5 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 5 sagt
Футболдан кезекті қайыр 5 sagt
Шамалғандағы апат болға 5 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 5 sagt
Бас көлік прокуратурасы 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt