Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-121633409037 %63 %
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-14961283055 %45 %

Қазақ баласы УЕФА Суперкубогы жеңімпаздарын марапаттады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қо



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 04:40 - 2019/08/15


Қазақ баласы УЕФА Суперкубогы жеңімпаздарын марапаттады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Қазақ баласы УЕФА Суперкубогы жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстандық жас футбол жанкүйері Әли Тұрғанбеков Стамбулда өткен "Ливерпуль" мен "Челси" клубтары арасындағы УЕФА Суперкубогының марапаттау рәсіміне қатысты.

Ойында ағылшындық клубтар 2:2 есебімен тең түсті. 36 минутта Оливье Жиру лондондық команданы алға шығарған. Алайда екінші тайм басында "Ливерпуль" сапынан Садио Мане гол соғып, есепті теңестірді.

Стамбулдағы ойынға алғаш рет әйел төрешілер қазылық жасады. "Челси" командасы соққан екі бірдей гол есепке алынбады. Екі сәтте де бас төреші Стефани Фраппар футболшылар ойыннан тыс қалғанын назарға алып, нәтижені өзгерткен жоқ.

95 минутта Садио Мане дубль жасап, командасын алға шығарды. Бірақ Юрген Клопп шәкірттерінің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. 101 минутта "Ливерпуль" қақпасына пенальти беріліп, Жоржиньо сәтті орындап шықты.

УЕФА Суперкубогы жеңімпазы ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды. "Челси" сапынан бесінші болып тепкен Абрахамның добын қақпашы Адриан қайтара біліп, командасына жеңіс сыйлады.

Ойынның марапаттау рәсіміне Әли Тұрғанбеков  арнайы қатыстырылып, барлық ойыншылардың қолын алды. Ал жеңімпаз атанған "Ливерпуль" командасының капитаны Джордан Хендерсон қазақ баласына УЕФА Суперкубогын ұстатып, құрмет көрсетті. Содан кейін барып қана командаластарымен жарқын жеңісін тойлады.

Дүниеге келгенде екі аяғы да болмаған Әли мүгедек жандар қатарында. Аяғы болмаса да, доп ойнауға құмары басым. Спорттың бұл түрімен байланысты бағдарламаларды үзбей қарайды.

"Қазақстандық Ник Вуйчич" атанып жүрген Әли осыған дейін де футбол жұлдыздарымен кездескен. Сәуір айында Лионель Мессимен жолыққан. Ал наурызда Андрей Шевченко жаттықтыратын Украина ұлттық құрамасы ойыншыларымен жүздескен еді. Өткен жылы Диего Марадона және ПСЖ клубының футболшыларымен кездескен болатын.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1034562
Пікірлер

Көрші сілтемелер