Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-2215657747 %53 %

Қазақстандық екі боксшы Аустралия жерінде жеңіске жетті Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қо



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 18:30 - 2019/08/14


Қазақстандық екі боксшы Аустралия жерінде жеңіске жетті Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Қазақстандық екі боксшы Аустралия жерінде жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) мен Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) Аустралияның Сидней қаласында өткен кеште жеңіске жетті.

Бірінші болып шаршы алаңға көтерілген Нұрсұлтан Жаңабаев жергілікті боксшы Стив Гагомен (11-0, 4 КО) жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы WBA Inter-Continental белбеуін қорғап, WBO Global және IBF Pan Pacific титулдарын иемденді. Осы жеңісінен соң Нұрсұлтан Жаңабаевтың рекорды 8-ге жетті. Оның бесеуінде нокаут тіркелген.

Ал Айдос Ербосынұлы жергілікті боксшы Рокки Джеркичпен (17-1, 13 КО) қолғап түйістіріп, төрешілердің бірыңғай шешімімен басым түсті. Осылайша отандасымыз үш бірдей белбеуін - екінші деңгейлі WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды. Бұл Айдос Ербосынұлының кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңісі. Ал 8 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

Қос боксшы соңғы жекпе-жектерін Алматы қаласында өткізген болатын. Нұрсұлтан Жаңабаев бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде венесуэлалық қарсыласы Иван Матутені (28-1-23 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңсе, Айдос Ербосынұлы намибиялық боксшы Лукас Ндафолуды (15-1, 6 КО) төрешілердің бірыңғай шешімен ұтты.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1034396
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар