Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %

Қазақстанда Huawei P Smart Z смартфоны сатылымға шықты Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қос



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 18:15 - 2019/07/12


Қазақстанда Huawei P Smart Z смартфоны сатылымға шықты Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Қазақстанда Huawei P Smart Z смартфоны сатылымға шықты

Huawei компаниясы P сериясының кезекті өнімі, Huawei P Smart Z смартфонын таныстырды. Алматыдағы өткен презентация қонақтары диагоналі 6,59 дюймдік жаңа смартфонның FHD-экранын, көзді қорғайтын режимін, көпфункционалды негізгі камерасы мен композит материалдан жасалған эргономикалық корпусына жақсы баға беріп үлгерді. Huawei P Smart Z смартфонының басты үстемдігі – интеллектуал алгоритмдері бар, бір секундта корпустан жылжып шыға алатын, 16 МП фронтал камерасы.

Камераның жылжымалы механизмі беткі корпусқа көбірек орын беруге мүмкіндік берді. Жинаулы күйінде фронтал камера мүлде байқалмайды, ал оның конструкциясы 100 000 рет ашып-жабуға жетеді. Мамандардың есебінше, бұл 2,7 жылға жетеді.

"Huawei P Smart Z – жылжымалы фронтал камерасы бар әлемдегі және біздің компаниядағы алғашқы модельдердің бірі. Huawei – о бастан жаңа технологияларды негіз еткен компания және біз инновациялық шешімдерді тек флагмандық смартфондарға емес, бюджетті модельдерге де енгізіп отырамыз. Smart Z – орта табысты қолданушыға арналған бюджетті сегменттегі камерофон. Біз смартфондағы технологиялық шешімдерді өз клиеттерімізге ұсынуға қуаныштымыз", – дейді Фан Джиньонг, Huawei компаниясының Қазақстандағы тұтынушылармен жұмыс істейтін бизнес-тобының өкілі.

Сондай-ақ, Huawei P Smart Z 16 МП және 2 МП модульдерден тұрады. F/1.8 диафрагма жарық нашар түскен жерде де қанық суреттер түсіруге мүмкіндік береді. Смартфонда Slow-Motion режимінде секундына 480 кадр жиілікпен видео түсіруге болады. 

Huawei P Smart Z-ке 12-нанометрлі Kirin 710F процессоры орнатылған. Тағы бір басым тұсы – қуаттылығы сағатына 4000 мА болатын батареясы. Соның арқасында смартфонды 14 сағат бойы қуаттамай қолдануға болады. 2340×1080 пиксельдік FHD-экранының контрасты жоғары (1500:1).

EMUI 9.0.1 қолданбалы интерфейсінде смартфонның баптауларын оңтайландырылған, менюдегі бөлімдер 10% азайған, смартфонның ыңғайлығы артқан.

Баса назар аударатын жайт, Huawei P Smart Z өз қожайынының денсаулығына бей-жай қарамайды – TÜV Rheinland компаниясының сертификатымен жасалған көзді қорғайтын режимі көмескі жарық спектрінің көкшіл бөлігі көзге түсіретін жүкті азайтады. 

Жаңа смартфон үш түсте шығады: көк, жасыл және қара. Серіктестер дүкеніндегі баға – 119 990 теңге.

Серіктес материалы


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1022409
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар