Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-20937296235 %65 %
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-22227113423 %77 %

Ағаштағы ешкілер - Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер - Bilim - All



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Білім-ал мақалалары

Жолданған уақыты: 20:20 - 2019/09/21


Ағаштағы ешкілер - Қызықты деректер / Пайдалы мәліметтер - Bilim - All


Ағаштағы ешкілер

Марокко — Солтүстік Африкада елдерінің бірі. Бұл ел ағаш бұтақтарына мініп қоректенетін ешкілерімен танымал. Әдетте шаруалар ағашқа зиян бермесін деп, ешкілердің бұтақтарға шығуына тосқауыл болады. Ал мұнда керісінше, шаруалар ешкілердің ағаш бұтақтарына мініп, тікенді ағаштың жемістерін жеуіне жағдай жасайды.

Өйткені бұл ешкілер қарындарын тойдырумен қатар косметология саласының жұмысшысындай іс атқарады. Сол аймақтың шөл далаларында «арган» деп аталатын ағаштар өседі. 200 жылға дейін өмір сүретін бұл ағашта, жаңғақ көлеміндей келетін қатты сүйегі (тәшегі) бар жеміс өседі.

Жемістің сүйегін сындыру оңай емес. Ешкілер бұтақтарға өрмелеп, жапырақтарын жегенде осы жемістерді де сүйегімен қоса жұтады екен. Асқазанда жұмсаратын бұл сүйектері ешкінің қалдықтарымен бірге сыртқа шығады.Ал шаруалар осы жұмсарып шыққан сүйектерді жинап, ішіндегі дәнін езіп әлемге әйгілі арган майын алады. Мароккодан көптеген елге импортталатын арган майы косметологияда және аспаздық өнімдерде қолданылады. Шамамен 7 ағаштың дәндерінен 1 литр май алынады.

Косметологияда қолданылатын май алу үшін дәндер суық езбеден өтеді, ал аспаздық салада қолданылатын май алу үшін езуден бұрын дәндер қуырылады. Құрамындағы токоферол, яғни Е дәруменінің көптігімен жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы әсерімен танымал. Косметология саласында тері ауруларына қарсы емде және шаш, тері күтіміне пайдалы деп білінеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=40&id=1050738
Пікірлер

Көрші сілтемелер