Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-03-23379108151 %49 %
2019-03-24485176350 %50 %
2019-03-2517637957 %43 %

Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері талқыланды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 13:21 - 2019/03/15


2

Облыс әкімі мұнай кен орындарының табиғи сарқылуына байланысты соңғы жылдары мұнай өндіру көлемі төмендегенін айтты.

- Өткен жылы 420 мың тонна жоғалтсақ, биыл 1 млн.тоннадан астам мұнайдан айырылып отырмыз. Бұл, әрине, газ өндіру көлеміне де, өнеркәсіптік өнім өндірісінің жалпы көрсеткішіне де әсер етеді. 2017 және 2018 жылдары мұнай, газ және уран өндірудің төмендегеніне қарамастан, біз экономиканың басқа салалары есебінен мұнай өндірудің төмендеуін өтей отырып, жалпы өңірлік өнімді 100% деңгейінде қамтамасыз еттік, - деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, облыс әкімі Елбасының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінде облысымыз үшін маңызды боп саналатын мұнай-газ саласы: мұнай мен газ экспортының көлемін арттыру және жаңа кен орындарын игеру мәселелері көтерілгенін атап өтті.

Осыған байланысты Павлодар және Шымкенттің мұнай өндіру зауыттарын шикі мұнаймен қамтамасыз ету бойынша «ҚазМұнайГазбен» шамалас батыс өңірлері компанияларының үлесін арттыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Жиында «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев Қызылорда облысының әкімі көтерген барлық мәселелер өзекті екенін айтты.

«ҚазМұнайГаз» бұл мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырады»,  деді ол.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=966652
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар