Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2617055141 %59 %

Сапа стандартына сай медициналық мекемелер анықталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:42 - 2019/02/11


2

Өткен жылы аккредиттеуге еліміздегі 95 медициналық ұйым қатысқан. Оның 65-і мемлекеттік, 30-ы жекеменшік медициналық ұйым. Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша қатысушы ұйымдардың 10-ы жоғары санатты, 43-і бірінші санатты және 38-і екінші санатты мәртебені алған. Ал қалған 4 медициналық ұйым сынақтан сүрінген.

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханованың айтуынша, бұл медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруда ерекше рөл атқарады. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенсек дамушы елдерде медициналық қызметтің 70-80 пайызы сапасыз көрсетіледі. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу әлемде бар бағалау жүйесі. ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстанда ғана 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өкінішке қарай еліміздегі 1378 медициналық ұйымның қазірге дейін 30 пайызы ғана аккредиттеуге қатысты. Олар сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсету талаптарын толық орындайтынын дәлелдеу үшін 3 жылда бір рет ерікті түрде тексеруден өтіп тұрады. Бұл жүйе былтырдан бастап ақылы түрге ауысты. Оны 2017 жылы халықаралық International Society for Quality in Health Care сертификатын алған біздің орталық қолына алып отыр. Бізде 200-ден астам сарапшы бар. Оларды жылына екі рет курстан өткізіп отырамыз. Сарапшылардың арасында дәрігерлерден бөлек медбикелер мен денсаулық сақтауды ұйымдастыратын администрациялық эксперттер де бар», деді А.Айыпханова.

Сондай-ақ ол былтырдан бастап аккредиттеудің талаптары күшейгенін жеткізді. «Бұған дейін 200 түрлі талапты орындағандарға куәлік беріліп келсе, былтырдан бастап жаңа бағалау үлгісін енгізіп, 500-ден астам стандартты белгіледік. Онда медициналық қызмет көрсетудің жан-жақтылығы, яғни дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігінен бастап дәрі-дәрмек, тазалық, өрт қауіпсіздігі, тіпті науқасқа дайындалатын тамақтың қауіпсіздігіне дейін тексеріледі. Бұл ерікті шара болғандықтан аккредиттеуден өтпей қалған ұйымдардың өзі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасып, олардан қаржы алуға мүмкіндігі бар. Егер аккредиттеу міндетті болып өзгеретін болса жаңағы 70 пайыз ұйым қатыса алмайды да, халықтың қолжетімділігі төмендеп қалар еді. Сондықтан халықаралық тәжірибеге сай әрбір ел аккредиттеуді енгізгеннен кейін  алдыңғы 20-30 жыл ерікті түрде жүргізеді», деді орталық басшысы.

Жиында жоғары санатты алған University Medical Center КҚ, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ,  «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ, «Репродуктивті медицина институты» ЖШС, «ЭКО орталығы» ЖШС, «Орталық қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК, «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, Шымкенттегі «Облыстық клиникалық аурухана» ШЖҚ МКК және Ақтау қаласынағы «Sofie Medgroup/Софи Медгрупп» көпсалалы клиникасы» ЖШС сияқты 10 медициналық мекемеге аккредиттеу куәлігі салтанатты түрде табысталды.  

Қазір елімізде 413 ұйымның қолданыстағы аккредиттеу мәртебесі бар. Оларың 271-і мемлекеттік, 142-сі жеке меншік мекеме. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелері қатысқан басқосуда 2018 жылы аккредиттеуге қатысқан медициналық ұйымдардың үздік тәжрибелері сөз болды.

Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=948389
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 7 min
Жел, жауын, бұршақ - жұ 8 min
Мұнайдың әлемдік бағасы 14 min
Азия чемпионаты: Қазақс 16 min
ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫ 22 min
Сайлау-2019: Қазақстан 1 sagt
26 сәуір: ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстан — Белорусь 4: 1 sagt
Польшада Қазақ күресіне 1 sagt
Шымкенттік оқушы қыз әл 2 sagt
Жан Кособуцкий кәсіпқой 2 sagt
Қазақстан құрамасы Бела 2 sagt
Маунтинбайктан ұлттық қ 2 sagt
Төрттік финал. «Қайратт 3 sagt
Ләззат Күнгейбаева бокс 3 sagt
Маңғыстауда заңсыз бері 3 sagt
Бас мүфти Франция елшіс 4 sagt
Азия чемпионаты: 4 бокс 4 sagt
Павлодар қаласында 56 с 4 sagt
Бұрымды балуандарымыз А 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
«Astana Musical» мемлек 5 sagt
Даниил Фоминых — велосп 5 sagt
Балуан қыздарымыз екі қ 5 sagt
Алматы облысында балық 5 sagt
Boeing 1 млрд доллар шы 5 sagt
Солтүстікқазақстандық к 6 sagt
И.Нәсимидің еңбектері қ 6 sagt
«Астана» велокомандасын 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt