Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2619560241 %59 %

AIBA-ны айыптаған кім?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:06 - 2019/02/11


2

Таяуда Ыстамбұлда Халықаралық бокс ассоциацияның (AIBA) жиыны өтіп, ұйымға қатысты бірқатар мәселелер талқыланған-ды. Іс-шарада ұйымға кіретін Ұлттық бокс федерацияларының арасында ірікті салып, AIBA-ның абыройына нұқсан келтірген хатты тексеру мәселесі қаралған.

Халықаралық бокс ассоциацияның мәліметіне сүйенсек, ХОК-ке хат жазған Қазақстан азаматтары екен. Жиында осы мәселені түбегейлі зерттеп, шара қабылдау қажеттігі айтылған.

Ұйымның ресми сайттарында Халықаралық Олимпиада комитетіне (IOC) жазылған хаттың үлгісін жариялады. Онда белсенді топ AIBA-ны айыптап, 2020 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастыруға әзір екенін мәлімдеген. Хатқа ешкім қол қоймаған. Алайда AIBA домалақ арызды жазған қазақстандықтар деп отыр.

Washington Post газетінің хабарлауынша, былтыр өзбекстандық Гафур Рахимов AIBA президенті ретінде сайланғалы бері IOC пен AIBA арасындағы қарым-қатынас ушығып кеткен. Естеріңізде болса, аталған лауазымға жерлесіміз Серік Қонақбаев та таласқан болатын.

Washington Post басылымының мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың Қаржы министрлігі Г.Рахимовты есірткі тасумен, қылмыс ұйымдастырумен айналысты деп айыптады. Алайда өзбекстандық бизнесмен оның бәрін жоққа шығарып отыр.

Қазіргі таңда AIBA 2020 жылғы Олимпиада ойындар ұйымдастыруға атсалысуға тыйым салынған. Маусымда IOC-тың кезекті жиынында AIBA-ның болашағына қатысы шешім қабылданады.

The Associated Press агенттігіне хабарлауынша, Қазақстандағы бокстың айналасында жүрген бір азамат хаттың шынайы екенін айтқан. Алайда ол өзінің есімін жарияламауды сұраған екен.

Осы мәселеге қатысты «Егемен Қазақстан» газеті Қазақстан бокс федерациясына хабарласқан болатын. Федерация өкілдері бұл мәселеден хабардар екенін айтып, алдағы уақытта арнайы мәлімдеме жасайтынын жеткізді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=948361
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ҰЛЫ ДАЛАДАН ТАРАСҚАН, Ы 2 min
26 сәуір. Туған күн иел 15 min
ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Т 25 min
Роналду «Ювентус» басшы 25 min
Жел, жауын, бұршақ - жұ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Жел, жауын, бұршақ - жұ 1 sagt
Мұнайдың әлемдік бағасы 1 sagt
Азия чемпионаты: Қазақс 1 sagt
ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫ 1 sagt
Сайлау-2019: Қазақстан 1 sagt
26 сәуір: ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстан — Белорусь 4: 1 sagt
Польшада Қазақ күресіне 2 sagt
Шымкенттік оқушы қыз әл 2 sagt
Жан Кособуцкий кәсіпқой 2 sagt
Қазақстан құрамасы Бела 3 sagt
Маунтинбайктан ұлттық қ 3 sagt
Төрттік финал. «Қайратт 3 sagt
Ләззат Күнгейбаева бокс 4 sagt
Маңғыстауда заңсыз бері 4 sagt
Бас мүфти Франция елшіс 4 sagt
Азия чемпионаты: 4 бокс 4 sagt
Павлодар қаласында 56 с 5 sagt
Бұрымды балуандарымыз А 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
«Astana Musical» мемлек 5 sagt
Даниил Фоминых — велосп 5 sagt
Балуан қыздарымыз екі қ 6 sagt
Алматы облысында балық 6 sagt