Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-137128849 %51 %

Ел дамуын еселеуге арналған



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:21 - 2018/11/09


2

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы дер ке­зін­де жа­рия­ланған және әлем­дік қоғам­­дастықпен бір бағытта ел эко­ном­икасын жаңғыртуға ар­нал­ған құжат болып табылады. Бұл Жолдау тек қана қазақ­стан­­­дық­тарға ғана емес, сондай-ақ Қазақ­станда жұмыс істеуге мүд­­делі немесе қазіргі уақытта жұ­­­мыс істеп жатқан шетелдік ин­­­­вес­­­торларға да бағытталып отыр, өйткені онда ішкі және сырт­­­қ­ы саясат мәселелері қатар көтерілген.

Шетелдік әріптестермен бір­лес­кен инвестициялар қағи­даты бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін шикізаттық емес секторда тікелей инвестициялар қорын құру Жолдауда айтылған басты идеялардың бірі болып саналады. Бұл бастама Қазақстан экономикасын әртараптандыруға мүм­кіндік береді. Сондай-ақ Үкі­­меттің қатысуы – жергілікті қазақ­­стандық компанияларды да­­мы­туға зор ықпалын тигізе ала­ды.

Бұдан бөлек Жолдауда тағы бір маңызды элемент – адам капиталына инвестиция құю мәселесі орынды көтерілген. Өйткені ел­дің болашағы адамдардың әлеуе­тіне сай бағаланады. Қазақ­стан­да соңғы 2 жыл бойына жұмыс істей жүріп, аймақта бәсе­кеге қабілетті маман табу мәсе­лесі­мен жиі ұшырасамыз. Бұл қадам жергілікті нарықтағы бі­лік­ті мамандар тапшылығын жою­ға ықпал етеді деген ойдамыз.

Жолдауда әлеуметтік бас­тама­лар­мен қатар, отандық эконо­­миканың бәсекеге қабі­леттілі­гін арттыру, экспортқа бағыт­тал­ған өн­ді­рістерді қол­дау және Қазақ­­стан­ның эконо­ми­калық сая­­­саты­ның негізі болып сана­ла­тын отандық брендтерді қалып­тас­тыруға басымдық берілген.

Шахул Хамид бен Мохд ИСМАИЛ,

«Reach Energy» компаниясының Атқарушы директоры

(Малайзия)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894579
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар