Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-13399870 %30 %

Теңіздегі тоғыз жолдың торабы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:15 - 2018/11/09


2

Боржақты – Ерсай теміржол желісі

Бұл – әрине, отандық эко­но­микаға және ел территориясы арқылы өтетін халықаралық логистикаға тың серпін берді. Осы маңызы жоғары жүк дәлі­зінің құрылысына шолу жасап көрелік.

Ең алдымен, 2014 жылы Бор­жақты – Ерсай теміржол желі­сінің құрылысы бас­талды. Бұл жол арқылы жүкті Каспий те­ңі­зіндегі Құрық портына жет­­кізу жоспарланды. Шойын жолдың жаңа желісі 2016 жы­лы пайдалануға берілді. Ұзын­дығы 16 шақырымға жуық жол Құрық портын Маңғышлақ – Өзен желісіне жанасатын теміржол магистралімен жалғады. Осы арқылы теміржол желісі басты және құйма жүктерді мультимодальді тасымалдауды қамтамасыз етіп, транзитті жүк ағынын арт­тырды. Сондай-ақ бұл Каспий арқылы батыс бағыт­тағы экспорттық әлеу­етті көтеруге де ықпал етеді. Соны­мен бірге бұл жобаны жүзеге асыру еуропалық нарыққа шы­ға­тын тікелей дәлізді ашуға мүм­кіндік берді. Жаңа желінің өткі­зу мүмкіндігі шамамен жы­лына 5 млн тоннаны құ­рай­ды. Теміржол көлігімен тасы­­мал­дау жүйесінің жолға қойы­луы транзиттік жүктердің жеткі­зілу көлемін арттырып, батыс бағыттағы тауар экспорты жүйе­сін оңтайландырды және транс­еуропалық дәлізді ха­лық­аралық желілермен жал­ғайды. Бұл жүкті жеткізу уақыты мен қашық­тығын мей­лінше қыс­қартады.

Құрық портының алғашқы кезекте іске қосылған кешенінің құры­лысы 2015 жылдың сәуір айында бас­талған болатын. 2016 жыл­дың 6 желтоқсанында Мемлекет бас­шы­сының қатысуымен өткен телекөпірде теміржол құрамымен қосып, аталған нысанның алғашқы кешені берілді. «Құрық – біздің Кавказ бен Еуропаға шығар жолымыз. Бұл біздің ұзақ күткен, жаңғыруға арналған өте керек жобамыз», деген-ді Президент Н.Назарбаев телекөпірде.

Елбасына теміржол мен порттық инфрақұрылым құрылысының аяқ­талғаны және алғашқы теміржол құ­рамын жүргізу дайындығының аяқ­талғаны туралы баяндалды. Телекөпір барысында вагондарды паромға тиеу басталды.

2017 жылы 6 желтоқсанда Мемле­кет басшысының қатысуымен өткен жалпы­халықтық телекөпір аясында тестілік режімде Құрық портында кеме кіретін гидротехникалық құ­ры­­лы­­м­ы­мен автокөлік пирсі іске қосыл­ды. 

«Біз паром жағалауын аштық. Биыл автокөлік паромы мен Құрық порты Құрық – Баку – Грузия – Түркия, Босфор арқылы Еуропа бағытын ашуға дайын. Біз енді Қазақстанның құрлықтағы ел болғанымен Парсы шығанағын қосқанда барлық теңізге шыға алатын ел екенін айта аламыз», деген болатын Елбасы телекөпір барысында.

Мамандар автокөлік пирсі астын­дағы теңіз акваторийін тереңдету жұмыстарын тексерді. Бұл автокөлік транспортында жүкті ауыстырып тиеуге мүмкіндік берді. Ұзындығы 174 метрлік автокөлік пирсі салынды. Өткізу пункті және автокөлікті ра­диа­циялық бақылау жүйесі, жолау­шы­ларды өткізу бекеті бойынша бір­қатар жұмыс атқарылды. Автокөлік инф­ра­құрылымы ретінде кедендік рә­сім­деу ғимараты, уақытша сақтау қой­ма­сымен бірге толығымен тек­сере­тін ғимарат нысандары пай­дала­ну­ға берілді. Сондай-ақ порт­тың әкім­шілік және өндірістік ғима­рат­тары, сұрыптау стансасы салынып, ша­ғын трансформатор подстансаларын мон­таждау жұмыстары орындалды. 

 Жеті миллион тонна жүк өткізуге қабілетті

2017 жылдың 19 қазанында Құрық портының теміржол паромы терминалында іс басталғаннан бергі алғашқы миллион тонна жүкті тиеу сәтімен орындалды. Жалпы, былтыр барлығы 1,5 млн тонна жүк тиеліп, 320 кеме мүйіске тоқтады. Өткен жылдың соңында Құрық портынан «Әзербайжандық Каспий теңізі параходы» ЖАҚ-тың  Ro-Ro түріндегі «Бястякар Гара Гараев» кемесімен алғаш рет жеңіл және жүк көліктері жіберілді. Кеме бортына 27 жүк, 1 жеңіл автокөлік және 30 жолаушы қабылданды. Ұзындығы 125,25 және ені 16,22 метр болатын кеменің жүк көтерімділігі 3463 тоннаны құрайды. Ал биылғы 7 айда 1,2 млн тоннадан астам жүк тиелді. Паром кешені астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, химикаттар және басқа да жүк түрлерін тиеуге бағытталған. Автомобильді паром терминалының қызмет көрсету қуаты тәулігіне 6 паром және жылына 2 млн тонна жүкке жетеді. Жалпы порт жылына 6 млн тоннадан аса жүк тиеуді қамтамасыз ете алады.

Паром кешеніне су акваторийі нысаны құрамына операциялық және маневрлік акваторий, теміржол паромдарын қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз ететін айлақ, жағалаудағы ғимараттар кешені мен терминал қызметін қамтамасыз ететін қыз­меттерді орналастыруға арналған орын­дар, теңізде жүзу қауіпсіздігі және нави­гациямен қамтамасыз ететін құры­лымдар мен нысандар енеді.

Жалпы, порт аумағында 4 белдеу бар. Атап айтқанда, қайта тиеу кешендерінің операциялық белдеуі, технологиялық операциялардың өнді­ріс­тік белдеуі, жалпы порттық нысан­дар белдеуі, жолаушылар опера­ция­лары белдеуі. Порт облыс ор­та­лығы Ақтау қаласынан 70 шақы­рым қашықтықта орналасқан. Ең жа­қын елді мекен – Құрық ауылы 17 ша­қырым­да. 67 гектардан астам аумақ­та 2 айлақ бар. Айлақтардың ұзын­дығы 500 метрге жуық. Ал порт аква­торийі­нің тереңдігі 7 метрге дейін жетеді. Ұзын­дығы 170 метрге, ені 17,5 метр­ге дейін, су түбіне 4,5 метрге дейін  бой­лай бататын кемелерді қабылдай алады. 

Құрылысы үш жылға созылған паром кешені автокөлік және теміржол құрамды жүктерді тиеуге қолайлы заманауи теңіз инфрақұрылымы болып қалыптасты. Сондықтан бұл портты Қазақстан мен Еуразия құрлығындағы сауда ағынында отандық логистиканың жандануына және елдің халықаралық көлік дәлізі ретіндегі әлеуеті мен бәсе­келестік қабілетін арттыруға оң әсер еткен құнды және өзін толығымен өтей­тін жобалардың бірі деуге болады.  

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894567
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда әлеуметтік жағ 5 min
Астанадан ауылға дейін& 15 min
Мокин «Астана» сапындағ 15 min
Алматыда Руxани келісім 15 min
Баласын иттен қорыған ш 15 min
Қазақстан-Түркия: Бауыр 15 min
Районымыздың жер-жері а 15 min
Астана тұңғыш рет дзюдо 25 min
«Болашақтың» түлегі Қыз 25 min
Басқару ісін баяндап бе 30 min
Елордада «Астана» публи 1 sagt
Дін мәселелері жөніндег 1 sagt
Александр Недовесов Үнд 1 sagt
Өнегелі өмір өрнектері 1 sagt
«Астана Опера» Италияда 1 sagt
Районымыз жазушылары фы 1 sagt
Алтын күздегі алқалы жи 1 sagt
Елбасының астананы көші 1 sagt
Қызылордада энергия бағ 1 sagt
Алло, «Астана ақша 1 sagt
Киберспорттың қыр-сыры 1 sagt
Әлемдегі ең қымбат туфл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мұрат Шаймаран | Әдеби 1 sagt
Элизабет Тұрсынбаева Ре 1 sagt
Алматының бұрынғы әкімі 1 sagt
Израиль әскері Газа сек 1 sagt
Еуразиядағы жаһандық қа 1 sagt
Әбу Ханифаның шәкірттер 1 sagt
Екі президент және бір 1 sagt