Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-137128849 %51 %

Теңге күніне арналған көрме өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 11:03 - 2018/11/09


2

Теңге тарихына шегініс жасайтын болсақ, 1993 жылы 15 қарашада экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ ұлтының тұңғыш валютасы айналымға түсті. Ұлы тұлғаларымыз әл-Фараби, Абылай, Абай, Жамбыл, Сүйінбай, Шоқан бейнесі төл теңгеден көрініс тауып, егемен елдің қаржысы қолданысқа енді.

Көрмеде теңге тарихынан сыр шертетін архивтік құжаттармен, Отырар мен Түркістан музейлері қорындағы ежелгі қалашықтар орындарынан табылған бағалы металлдардан жасалған монеталармен, алғашқы теңге үлгілерімен және Ұлттық Банк шығарған тақырыптық және мерейтойлық теңгелер қойылған.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Президенті архивінің директоры Жамиля Әбдіқадырова теңгені айналымға енгізуге қатысты және Елбасының, Үкімет мүшелері мен экономистердің еңбегін айқындайтын құжаттар туралы баяндаса, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының бөлім жетекшісі Назерке Какижанова мемлекет мәртебесін өсіру мен экономикасының нығаюы жолында теңгенің ерекшелігіне тоқталды.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Айбек Жандосов бүгінгі таңда Отырар  мен «Әзірет Сұлтан» музейлері қорында орта ғасырларға тән біршама нумизматикалық жәдігерлер жинақталғанын атап өтті.

Отырар мен «Әзірет Сұлтан» музейлері қорларындағы көрмеге ұсынылған жәдігерлер арасында  б.д.д. ІІІ ғ.- VII-VIII ғғ. тиесілі нумизматикалық материалдардың ең көне үлгілерімен қатар Саман, Қарахан әулеті билеушілері тұсында соғылған тиындар мен оларға қатысты ғылыми еңбектер мен сол кезеңдерден жеткен жазба ескерткіштерден алынған материалдар, сондай-ақ  Хорезмшах Мұхаммед бин Текеш атынан соғылған тиындар, ХІІІ ғасырдағы моңғол билеушілерінің ақша түрлері мен музейлер қорларында кездеспейтін сирек тиындардың суреттері бар.

Өз естеліктерімен бөліскен ұлттық валюта авторларының бірі, дизайнер Хайролла Ғабжалелов  «Қазақстанның төл теңгесі Англияда басып шығарылды. Мұнымен «Хариссон және ұлдары» компаниясы айналысты. Бұл тапсырыс компанияға әлемдік «Ұлыбритания патшайымының Алтын белгісі» марапатын  алып келді. Теңге Британияның ең үздік экспорттық тауары ретінде танылды. Бүгінде компанияның төрінде қазақстандық теңгенің қалқаны ілулі тұр. Ал алғашқы монеталар Германияда басылған. Олар  Л-80 және нейзильбер материалдарынан жасалған», - деді.

ҚР Ұлттық банкі монеталарының дизайнері, архитектор Алмат Басенов төл теңге – монеталарымыздың әлемдегі ең үздік сапаға ие екенін зор мақтанышпен атап өтті.

Шара аясында  Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Сержан Саров көрмені ұйымдастыруға атсалысқан ұжымдарға алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

ҚР Президенті архиві дайындаған «Ұлттық валюта тарихынан құжаттар және материалдар жинағының» тұсаукесер рәсімі өтті.

Ерте кезеңдердегі теңгелер мен тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы тарихынан мәлімет беретін көрме 8 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894559
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар