Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2617055141 %59 %

Алматыда мүсінші Бақытжан Әбішевті еске алу кеші өтті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:57 - 2018/11/09


2

Қазақтың мүсін өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған әрі ерекше туындыларымен еліміз ғана емес, шетелдерге де мәлім болған Бақытжан Әбішев есімі көптеген ескерткіш-мүсіндермен байланысты.

Жасыбай батыр, Мұхтар Әуезов, әл-Фараби, Шығанақ Берсиев бейнелерімен қатар Алматыдағы Тоқаш Бокин, Махамбет, Күләш Бәйсейітоваға қойылған мүсіндер, Жаңақорғандағы «Ұлы Отан соғысының құрбандары», Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет мүсіні тікелей автор есімімен тығыз байланысты. Ал «Олимпиец» туындысы  Швейцариядағы Лозанна қаласындағы Олимпиадалық комитеттің штаб-пәтерінде орналастырылса, «Күйші» мүсіні Германияда, «Томирисі» Мәскеуде салтанат құрып тұр.

Естелік кешті белгілі сыншы Әлия Бөпежанова жүргізді. Мүсіншінің жұбайы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Мендиярова естелігімен бөлісіп,  жеке шығармашылық жұмыстары, атқарылмай қалған жобалары топтастырылған «Әбішев әлемі» кітабын таныстырды. Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева ол туа біткен талант, ардақты азамат еді, деп «Шынайы шығармашылық талантты оқытпайды, ол адамға туа бітеді. Міне, осы бір ерекше таланат Бақытжанның бойына бітті. Ісіне мығым, аса көңілді жүретін азамат еді» деген жүрекжарды пікірін білдірді. Ал Болат Әбішев бауырына деген сағынышы шексіз екенін білдіріп, шаңырақтың шамшырағы Шәмшәгүл жеңгесіне алғысын білдірді.  Мүсінші Тілеуберді Бинашев Бақытжан Әбішев мүсін өнерінің шыңында тұрған Құлагері деген пікірімен бөлісті.

Шығармашылығы тілекей Құлагермен сипаталатын ғажайып талант иесі өмірден озғанымен артында құнды мұрасын қалдырды. Ерен еңбегінің арқасында Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды.  

Еске алу іс-шарасына  белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен студенттер  қатысты.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894547
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мұнайдың әлемдік бағасы 4 min
Азия чемпионаты: Қазақс 6 min
ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫ 12 min
Сайлау-2019: Қазақстан 22 min
26 сәуір: ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстан — Белорусь 4: 1 sagt
Польшада Қазақ күресіне 1 sagt
Шымкенттік оқушы қыз әл 1 sagt
Жан Кособуцкий кәсіпқой 2 sagt
Қазақстан құрамасы Бела 2 sagt
Маунтинбайктан ұлттық қ 2 sagt
Төрттік финал. «Қайратт 3 sagt
Ләззат Күнгейбаева бокс 3 sagt
Маңғыстауда заңсыз бері 3 sagt
Бас мүфти Франция елшіс 3 sagt
Азия чемпионаты: 4 бокс 4 sagt
Павлодар қаласында 56 с 4 sagt
Бұрымды балуандарымыз А 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
«Astana Musical» мемлек 4 sagt
Даниил Фоминых — велосп 5 sagt
Балуан қыздарымыз екі қ 5 sagt
Алматы облысында балық 5 sagt
Boeing 1 млрд доллар шы 5 sagt
Солтүстікқазақстандық к 6 sagt
И.Нәсимидің еңбектері қ 6 sagt
«Астана» велокомандасын 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Қарағанды облысында күн 6 sagt
Ілияс Жансүгіровтің 125 6 sagt