Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-13399870 %30 %

Қарасай батыр өсиетінің жаңғырығы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:54 - 2018/11/09


2

Тарихшы-ға­лымдар мен жазушылардан, өнер майталмандары мен қо­ғам­дық ұйым өкілдерінен құ­ралған тарихи-танымдық экспедиция мүшелерін Алматы об­лысы Жамбыл аудандық мә­слихатының хатшысы Саят Жұрынов бастап жүрді. Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­т­ың «Рухани жаңғыру» бағдарла­­масы аясындағы игі ша­ра Ұзынағаштағы Шынәсіл ме­шітінде батыр мен одан тара­ған даңқты ұрпақтарының аруағына арнап Құран оқудан басталды. 

Қарасай Алтынайұлының  кіндік қаны тамған Суықтөбе бау­райына ат басын бұрған сапарлау­шы топты Шиен ауылының аза­маттары құрметпен қарсы алды. Өтеп батыр кесенесінің  тү­бінде ауыл ақсақалы Сапарбек Нұрқасымов  әңгімені тарих қой­­­науынан бастады.

Игі шараның тарихи-таным­дық маңызы экспедиция мүшелері Суықтөбе баурайындағы қыруар қазба жұмысы жүргізілген аумақ­қа жеткенде қыза түсті. VІІ ға­сыр­дан бүгінге тәбәрік бо­лып қалған Қастек бекінісі ту­ралы сол жерде белгілі тарихшы Асқар Се­лебаев жаугершілік замандағы батыр ұрпақтарының жанқиярлық ерліктерін алға тарта сөйледі. Танымал археолог Арнабай Нұр­жановтың бекіністің қазба жұмысындағы тірнектеп жиған зор еңбегіне баға берді.

Жазушы Нұрдәулет Ақыш, Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақ­стан университетінің «Сұраншы батыр» ғылыми орталығының жетекшісі, ғалым Сәуле Рыс­баева, жазушы-кәсіпкер, Халық­ара­лық Жамбыл қорының прези­денті Манарбек Ізбасар көпшілік ал­дында толғай-толғай әңгіме шерт­ті. Батырлар мен ақындар елі­не әдейі ат басын тіреген жо­лау­шының міндетті түрде Сү­йін­бай, Жамбыл, Үмбетәлі му­зейіне  мойын бұрмай өтпейтіні бар. Қонақтар бұл жолы да жақсы дәс­түрден ауытқымай белгілі үш тұлғаның басына барып тәу етті, тарихи музейдің жаңадан қосыл­ған деректерімен танысты. 

Келесі күнгі сапар Қарасай ауда­нында жалғасты. Аудан әкі­мі Жандарбек Далабаев экс­пе­­ди­ция мүшелеріне батыр атын­д­ағы ауданның бүгінгі ты­ныс-тіршілігі мен Президент Жол­­дауына қатысты аймақта нақ­ты атқарылып жатқан ауқым­ды іс-шаралар туралы тебі­рене сөз қозғады. Қонақтар Қарасай­дың кенже ұлы Көшек батыр туралы тарихи әңгімеге кеңінен қанықты. «Атамекен» музей ке­шенінде, Елбасы оқыған мектепте, аудандағы Батырлар музейін­де болды. 

Тарих беті Қарасай батыр туралы жаңадан туындаған бейне- жазбалармен, фотосуреттермен, тарихшы ғалымдар айтқан тың  деректермен толықты.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894544
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда әлеуметтік жағ 5 min
Астанадан ауылға дейін& 15 min
Мокин «Астана» сапындағ 15 min
Алматыда Руxани келісім 15 min
Баласын иттен қорыған ш 15 min
Қазақстан-Түркия: Бауыр 15 min
Районымыздың жер-жері а 15 min
Астана тұңғыш рет дзюдо 25 min
«Болашақтың» түлегі Қыз 25 min
Басқару ісін баяндап бе 30 min
Елордада «Астана» публи 1 sagt
Дін мәселелері жөніндег 1 sagt
Александр Недовесов Үнд 1 sagt
Өнегелі өмір өрнектері 1 sagt
«Астана Опера» Италияда 1 sagt
Районымыз жазушылары фы 1 sagt
Алтын күздегі алқалы жи 1 sagt
Елбасының астананы көші 1 sagt
Қызылордада энергия бағ 1 sagt
Алло, «Астана ақша 1 sagt
Киберспорттың қыр-сыры 1 sagt
Әлемдегі ең қымбат туфл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мұрат Шаймаран | Әдеби 1 sagt
Элизабет Тұрсынбаева Ре 1 sagt
Алматының бұрынғы әкімі 1 sagt
Израиль әскері Газа сек 1 sagt
Еуразиядағы жаһандық қа 1 sagt
Әбу Ханифаның шәкірттер 1 sagt
Екі президент және бір 1 sagt