Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-04-241183323552 %48 %
2019-04-251243325247 %53 %
2019-04-2619560241 %59 %

Жаңа технология – жайқалған егін



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:42 - 2018/11/09


2

Бірақ табиғаттың осы қы­ты­­мыр­лығына қарамастан, Осакаров ауданындағы «Най­доровское» деп аталатын жауап­­кершілігі шектеулі серік­тес­тік биыл бұрын-соңды болып көрмеген өнім жинады. Шаруа­шылық әрбір гектардан 50 центнер астық алды. Ди­қандар бұған жаңа және озық үлгідегі агротехнологияны қол­дану арқылы қол жеткізген еді.

Биыл шаруашылық бидай­дың «аустриялық» деп аталатын сұрыбының тұқымын 550 гектар алқапқа сіңірді. Жер­ді аустриялық маман­­­дар жасап шығарған «Nourivit» инновациялық тыңайт­қы­­­­­шы­­­мен өңдеді. Бұл ты­ңайт­­­қыштың құрамында топы­рақты микроэлементтермен байы­та­тын және оның ауа өт­кіз­гіш­тік қасиетін  арттыратын мик­роорганизмдердің қосындысы бар. Мұның нәти­жесі аста-төк өнім алуға қол жеткізді.

– Көрсеткіштер өте жақ­сы, сипаттамалар да тамаша. Бүгінде бұл бидайға Италия мен Аустрия тарапынан сұраныс бар. Сондықтан өнімді Еуропаға экспорттайтын боламыз. Бұл сұрыптың жұмсақ сортты би­дайға қарағанда құны да жо­ғары. Мұнымен қоса, егер біз қатты сұрыпты бидай өсіру бағытында дамитын бол­сақ, елі­міздің солтүстік аймақ­тары­мен бәсекелесетін боламыз, – дейді «Найдоровское» ЖШС-нің жетекшісі Павел Лущак. 

Келер жылы шаруашылық «аустриялық» тұқымын он есеге көбейтіп, 5 мың гектарға дейін дән сіңірмекші. Биылғы жыл қатты бидай сұрыбының тиім­ді екенін көрсетті. Сол себеп­ті де бидайдың жұмсақ сұры­бы өсірілетін алқап қыс­қарып, соның есебінен қатты бидай тұқымы егілетін жер кеңейтілетін болады.

– Солтүстік Қазақстан об­лы­сының шаруашылық­тары «аустриялық» сұрып тұқымы­ның тоннасын 220 мың теңгеден сатып алуға да­йын. Баға арзан емес, әрине. Бірақ оның қайтарымы мол екенін жұрт­тың бәрі біледі. Гектарынан 50 центнер алу дегеніңізді бұрын кім көрген! Шаруалар кеткен шығынын алғашқы маусымда-ақ қайтарып алады. Биыл біз шамамен 750 тонна сатуды жоспарлап отырмыз, – дейді Павел Лущак.

«Найдоровское» ЖШС ауыл­шаруашылық техникаларының жаңаруына да баса мән береді. Келер жылы шаруашылық бір­неше заманауи комбайн сатып алмақшы.  Бұл техникалардың жоғары өнімділігі өз алдына, олардың геонавигацияны пайдалана отырып, алқаптардың электронды картасына сәйкес жұ­мыс істеуге қабілеті толығы­мен жетеді. 

Ауылшаруашылығына цифр­ландыру элементтерін енгізу өте күрделі және кезең-кезеңімен жүргізілетін үдеріс. Мұндай жаңа тәжірибені игеру агросаладағы ғалымдар­дың қатысуынсыз тіпті де мүмкін емес. Сол себепті биылдан бас­тап «Найдоровское»  ЖШС-нің алқаптарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехника­лық университетінің ғалым­дары дәлме-дәл егіншілік эле­мент­терін енгізу бойын­ша қанат­қақты жобаны жүзе­ге асыру­мен айналысты. Алқап­тар­дың электронды картасын пайдалануға көшу – осы жоба көздеген кезеңнің бірі.

Жалпы, университет ғалым­дары техниканың мүмкін­дік­терін тексеріп, тыңайтқыштар­ды дифференциалды енгізуді жүзеге асырды. Алқаптардың электронды картасын жасап, топырақтың агрохимиялық тал­дауын өткізді, сондай-ақ егістіктердің арамшөп басу карталарын құрастырды. Алдағы уақытта ғалымдар метеостансалар көмегімен америкалық «Data Transmission Network» компаниясы жасаған ауа ра­йын дәл болжау қанатқақты жобасының қорытындыларын іс жүзінде пайдалану туралы ұсы­­ныстар енгізуді жоспарлап отыр. Мысалы, күн райына қатысты жауын-шашынның ық­­ти­­малдылығы, шық нүктесі және басқа да көрсеткіштердің са­рап­тамасы 10-нан астам пара­метр бойынша жүргізілетін болады.

Сонымен қатар «Най­доров­ское» серіктестігі А.И.Бараев атындағы астық ша­руа­­шы­лы­ғы ғылыми-өнді­ріс­тік орта­лығы­мен де тығыз қарым-қаты­нас орнатқан. Бидай­дың «Дам­син» және аустрия­лық «Дурум» атты сұрып­тары осы орталықтан сатып алынып, себілген.

Цифрландыру элемент­терін енгізумен айналысқан шаруа­шы­лықтар облыстық ауыл­ша­руа­­шы­лық басқармасының ұдайы назарында. 

– Ала жаздай атыз жаға­лап, ащы терін жерге сіңірген диқан еңбегінің қайта­ры­мы бар. Бүгінде жаңа техно­ло­гия­лардың арқасында жұ­мыс жеңілдеген. Бұрынғы тех­ни­ка­ларға қарағанда қазіргі тех­ника әлдеқайда жақсы. Жұ­мысы автоматтандырылған. Қызметтің дені компьютерлік техника арқылы басқарылады. Өте ыңғайлы. Осының арқасын­да жерді тыңайту, дән себу сынды егіс алқабындағы жұмыс жанданды, – деді таяуда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында облыстық ауылшаруашылы­ғы басқармасының жетекшісі Сағынжан Апақашов.

Биылғы астық орағы кезінде облыс әкімі Ерлан Қошанов Осакаров ауданына арнайы барып, «Найдоровское» ЖШС-нің егін алқаптарын аралап, жаңа технологиямен жұмыс істеп жатқан диқандар қауымының тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Өңір басшысы жер­гілікті аграрийлердің цифрлан­дыру жүйесін батыл түрде ен­гізіп жатқан қадамдарына оң баға берді.

– Егер өнімді өткізу жолдары болса, өнімділік жоғары болса, осы жаңа технологияға көшу қажет. Бәсекеге қабілетті дән­ді-дақылдар өсіруге арнал­ған алқаптардың ауданын ұлғай­тыңыздар, – деген болатын өңір басшысы.

Бір сөзбен айтқанда, облыс­та өндірістік үдерісті цифрлан­дырудың маңызды элементтерін енгізуге алғашқылардың бірі болып кіріскен «Найдоровское» шаруашылығы бұл берекелі шаруаның шаш-етектен пайда әкелетінін іспен дәлелдеп шықты. Яғни бұл – алдағы уа­қытта мұндай тәжірибеден үлгі алатын шаруашылықтардың қатары көбейеді деген сөз.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Осакаров ауданы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894530
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жел, жауын, бұршақ - жұ 9 min
Осы араны басып көріңіз 17 min
Жел, жауын, бұршақ - жұ 18 min
Мұнайдың әлемдік бағасы 24 min
Азия чемпионаты: Қазақс 26 min
ҚАЗАҚСТАН – МАЖАРСТАННЫ 1 sagt
Сайлау-2019: Қазақстан 1 sagt
26 сәуір: ҚазАқпарат кү 1 sagt
Қазақстан — Белорусь 4: 1 sagt
Польшада Қазақ күресіне 1 sagt
Шымкенттік оқушы қыз әл 2 sagt
Жан Кособуцкий кәсіпқой 2 sagt
Қазақстан құрамасы Бела 2 sagt
Маунтинбайктан ұлттық қ 3 sagt
Төрттік финал. «Қайратт 3 sagt
Ләззат Күнгейбаева бокс 3 sagt
Маңғыстауда заңсыз бері 3 sagt
Бас мүфти Франция елшіс 4 sagt
Азия чемпионаты: 4 бокс 4 sagt
Павлодар қаласында 56 с 4 sagt
Бұрымды балуандарымыз А 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
«Astana Musical» мемлек 5 sagt
Даниил Фоминых — велосп 5 sagt
Балуан қыздарымыз екі қ 5 sagt
Алматы облысында балық 6 sagt
Boeing 1 млрд доллар шы 6 sagt
Солтүстікқазақстандық к 6 sagt
И.Нәсимидің еңбектері қ 6 sagt
«Астана» велокомандасын 6 sagt