Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2018-11-11484174354 %46 %
2018-11-12720267755 %45 %
2018-11-13399870 %30 %

Өңіраралық форумның күн тәртібі – туризмді дамыту



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:33 - 2018/11/09


2

Қос ел арасындағы стратегиялық әріптестік байланыстарды нығайту жөніндегі алғашқы форум 2003 жылы Омбы қаласында өтіп, содан бері мұндай іскерлік кездесулер шекаралас аймақтарда жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл жолы күн тәртібіне «Қазақ­стан мен Ресейдегі туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері» атты өзекті тақырып шығарылды. Ал туризмді үдемелі дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық, климаттық жағдайлар бар. Форумда оның тартымдылығын, танымдылығын арттыру, бәсекеге қабілеттілігін нығайту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау, экономиканың кіріс бөлігін көбейту, саяхатшылар мен демалушылардың ерен қызығушылығын туғызу секілді өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, көптеген тың идеялар мен озық жобалардың қолдау тапқанын айта кеткен жөн. Алғашқы күні әмбебап теннис орталығында Қазақстан – Ресей туристік көрмесі ұйымдастырылып, салтанатты шараның ашылуына Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ресейдің туризм жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Олег Сафонов, облыс әкімі Құмар Ақсақалов, ұлттық компаниялардың жетекшілері, іскер топтар, министрліктер мен ведомстволардың жауапты өкілдері, кәсіпкерлер, туроператорлар қатысты. 

 А.Мұхамедиұлы өз сөзінде Қазақстан мен Ресей арасында өзара сенімге, дос­-

тық­­қа негізделген ықпалдастық стра­тегиясының нығая түскенін, үлгі етуге тұрарлық тәжірибелер қалыптасқанын, оның ішінде туризм кең ауқымдылығымен сипатталатынын, бүгінде елдің бәсекелестік қабілеттілігін айқындайтын шешуші факторға айналғанын атап өтті. Ресейлік мейман екі ел арасында достыққа, түсіністікке құрылған қарым-қатынастың стратегиялық маңызына тоқталды. Бүгінде туризм халық шаруашылығының 53 саласын дамытуға ықпал етеді және синэнергетикалық әсері орасан. Ресейге жылына 3,5 миллион қазақстандық саяхат жасауға, демалуға келсе, 3 миллионға жуық ресейлік Қазақстанға саяхаттайды. Бұл цифрлар үнемі өсіп отыруға тиіс. Бізде туризмді дамытудың мүмкіндіктері зор. Сондықтан ішкі туризмді заман ағымына бейімдеу, жаңа түрлерін көбейту қашанда іргелі қадам болып қала береді», деді ол. Қ.Ақсақалов форумға қатысушыларды айтулы оқиғамен құттықтап, сенім артылған үлкен мәртебе екенін тілге тиек етті. Форумның тақырыбы үлкен интеграциялық мүмкіндіктерге ие. Әр өңірде туристерді таңғалдыратын орындар бар. Біздің облыстағы ерекше аймақ – Имантау-Шалқар курорты. Осындай көрікті жерлерге туристердің көптеп келуіне күш салуымыз керек. Бізде емдік қасиетке ие көлдер бар. Екі күн бойы туристік ағынның артуы үшін алдағы жоспарларды талқылайтын боламыз», дей келіп, шекаралық өңірлердегі интеграциялық байланыс­тарды кеңейтудің ілкімді тұстарына тоқталды. Қызылжар өңірі көрікті жерлерімен, қасиетті орындарымен танымал. Бірлескен істер мен нақты шешімдер қабылдаудың іскерлік алаңына айналып отыр. Ерекше сұранысқа ие курорттық-демалыс орындарының сервистік қызметін, инфрақұрылымын жақсартуға жылда қомақты қаражат жұмсалады. Экологиялық, медициналық, емдік-сауықтыру түрлері қарқын алып келеді. Имантау-Шалқар аймағы орналасқан Айыртау ауданы 40-қа жуық туристік маршрут ұсынып отыр.

Форум шеңберінде «Туризмді дамы­тудағы кәсіпкерліктің белсенді рөлі», «Туризм саласын цифрландырудағы қазіргі трендтер», тағы басқа тақырыптар бойынша панельдік сессиялар ұйымдастырылып, халықаралық компания өкілдері, сарапшылар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін арттыру, тарихи-мәдени мұраларды, ұлттық құндылықтарды насихаттау, мемлекеттік құрылымдармен байланысты тереңдету, қажетті инфрақұрылымдарды жасау, озық бағдарламаларды қолдау, халықтың тұрмысын, әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету мәселелері бойынша ой-пікірлер алмасты. 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=894523
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Елорданың Арқаға көшуі 7 min
Көліктегі былық-шылықта 10 min
Алматыда әлеуметтік жағ 15 min
Астанадан ауылға дейін& 25 min
Мокин «Астана» сапындағ 25 min
Алматыда Руxани келісім 25 min
Баласын иттен қорыған ш 25 min
Қазақстан-Түркия: Бауыр 25 min
Районымыздың жер-жері а 25 min
Астана тұңғыш рет дзюдо 1 sagt
«Болашақтың» түлегі Қыз 1 sagt
Басқару ісін баяндап бе 1 sagt
Елордада «Астана» публи 1 sagt
Дін мәселелері жөніндег 1 sagt
Александр Недовесов Үнд 1 sagt
Өнегелі өмір өрнектері 1 sagt
«Астана Опера» Италияда 1 sagt
Районымыз жазушылары фы 1 sagt
Алтын күздегі алқалы жи 1 sagt
Елбасының астананы көші 1 sagt
Қызылордада энергия бағ 1 sagt
Алло, «Астана ақша 1 sagt
Киберспорттың қыр-сыры 1 sagt
Әлемдегі ең қымбат туфл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Мұрат Шаймаран | Әдеби 1 sagt
Элизабет Тұрсынбаева Ре 1 sagt
Алматының бұрынғы әкімі 1 sagt
Израиль әскері Газа сек 1 sagt
Еуразиядағы жаһандық қа 1 sagt