Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ШҚО-да 5 тоннадан астам балық тәркіленді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 23:51 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/271031-shqo-da-5-tonnadan-astam-balyq-tarkilendi


Тексеру барысында «ВАЗ» автокөлігінен балық аулау құралдары және 150 келіден астам заңсыз ауланған балық (шортан, көксерке, табан) тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі «балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша СДТБТ-де тіркелді.

- Сонымен қатар, жыл басынан бері табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мемлекеттік органдармен бірлесіп табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 237 фактісін анықтаған. Жалпы 5 тоннадан астам балық тәркіленді, – деді облыстың бас полицейі Сағат Мәдиев.

Бүгінгі таңда заңсыз балық аулағаны үшін 7 факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 230-дан астам балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы шығын сомасы 14 млн теңгеден асты.

Естеріңізге сала кетейік, браконьерлерден тәркіленген балық арнайы балық қабылдау пунктіне тапсырылады. Ал түскен табыс мемлекет қазынасына аударылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385965
Пікірлер

Көрші сілтемелер