Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ресей цифрлық валютаны сынақтан өткізеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 19:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/271014-resey-tsifrlyq-valyutany-synaqtan-otkizedi


2021 жылдың желтоқсанына дейін реттеуші цифрлық рубль платформасының прототипін құруды жоспарлап отыр. «2022 жылы тексерістен өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Тек тестілеу нәтижелері бойынша біз мақсатты платформаны іске асырудың қандай жол картасы және қандай мерзімде жүзеге асырылатынын түсінетін боламыз», деді Скоробогатова.

РФ Орталық банктің сайтында жарияланған мәліметтерде қолданыстағы   Заңнамаға түзетулерді әзірлеу 2022 жылдың қаңтарына, ал цифрлық рубльді тестілеуді бастау 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланғаны жазылған. 

Ресей банкі азаматтар мен кәсіпкерлердің цифрлық әмияндарындағы қалдықтарға шектеу қоюды жоспарламайды, деп хабарлады Орталық банк. «Цифрлық әмиянға түсетін барлық сома барлығы, ол адам үшін, бизнес үшін толықтай қол жетімді болады. Сандық әмияндардағы қалдықтарға шектеу қойылмайды», деді Скоробогатова

Ресей Банкі сонымен бірге салық төлемдері үшін цифрлық рубльді пайдалануға рұқсат береді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың қазан айының ортасында Ресей Федерациясының Орталық банкі өз есебінде цифрлық рубль тұжырымдамасын ұсынды. Ол арнайы электрондық әмиянда сақталатын бірегей цифрлық код түрінде болады, ал цифрлық рубльді бір қолданушыдан екіншісіне ауыстыру цифрлық кодты бір электронды әмияннан екіншісіне ауыстыру түрінде болады.

Цифрлық рубльді Ресей Банкі айналысқа шығарады. Ақша иелері рубльдерді бір формадан екіншісіне еркін аудара алады. Бұған дейін Жапония Банкі өзінің цифрлық валютасын шығару мүмкіндіктерін тексеруге арналған эксперименттің бірінші кезеңін бастағаны туралы хабарланған болатын.

Өз кезегінде, Қытай өткен жылы сандық юаньмен тәжірибе жасай бастады: реттеуші CDBC-ді 2020 жылдың қарашасында сынақтан өткізе бастады. Билік сандық валютаны Бейжің-2022 қысқы Олимпиада ойындары кезінде қолдануды жоспарлап отыр.

Еуропалық Орталық Банк (ECB) осы онжылдықтың ортасында цифрлық еуроны шығаруды жоспарлап отыр.

Қазақстанда Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021-2022 жылдарға арналған зерттеу бағдарламасы шеңберінде цифрлық валютаны шығарудың орындылығы туралы мәселе қаралатын болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385829
Пікірлер

Көрші сілтемелер