Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирус: Вакцина ектірген екі адам қайтыс болды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:33 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267624-koronavirus-vaktsina-ektirgen-eki-adam-qaytys-boldy


Оңтүстік Кореяда AstraZeneca вакцинасын ектіргеннен кейін екі адам қайтыс болды,деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Ренхап агенттігіне сілтеме жасап. Ресми мәлімет бойынша, олардың екеуінде де вакцина екпестен бұрын басқа сырқаттары болған.  

Бірінші оқиға Коян қаласындағы қарт адамдарға күтім жасайтын ауруханада тіркелді. 26 ақпанда 50 жастан асқан адамға екпе жасалған. Бастапқыда жүрек жеткіліксіздігінің белгілері байқалып, тыныс алуы нашарлағандықтан науқас ауруханаға жатқызылды. Оған тиісті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы жақсарған еді.

Алайда бір күн өткен соң, оның денсаулығы тағы да нашарлап, ол көз жұмды. Мамандардың сөзіне сенсек, науқаста жүрек ауруы, қант диабеті болған және бұған дейін ол инсульт алған көрінеді. Кенгидо провинциясының Пхентхэк қаласында қарттарға арналған ауруханада тағы бір науқас қайтыс болды.

63 жастағы ер адам вакцина ектіргеннен кейін төрт күн өткен соң көз жұмды. Науқастың цереброваскулярлық сырқатпен ауырғаны белгілі. Препарат қабылдағаннан кейін пневмония және сепсис белгілері тіркелген.  Қазір жергілікті билік AstraZeneca препаратының осы екі адамның өліміне себепші болған-болмағанын тергеп жатыр.  

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1365033
Пікірлер

Көрші сілтемелер