Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жедехатын жолдады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:42 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267067-qasym-zhomart-toqaev-turkiya-prezidentine-quttyqtau-dgedelkhatyn-dgoldady


– Сіздің пәрменді көшбасшылығыңыз бен саралы саясатыңыздың арқасында Түркия өзінің тұрақты дамуын жалғастырып, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, ықпалды аймақтық және халықаралық актор ретінде мерейін үстем етуде мол табыстарға қол жеткізуде. Осы тұста, еліңіздің тың белестерді бағындыруына бағытталған маңызды бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың лайым оңынан шығуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанның екі ел арасындағы бауырластық рухындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға өркендеуіне, стратегиялық әріптестік аясының кеңеюіне қосқан үлесін өте жоғары бағалады.

– Биік деңгейдегі мазмұнды диалог пен екіжақты қарым-қатынастарды халықтарымыздың игілігі үшін нығайта түсуге дайындығымды қуаттап, мемлекеттеріміз мүдделік танытатын күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Өзіңізбен Қазақстанда жүздесетініме үміт артамын, – деп жазылған Қазақстан Президентінің құттықтауында.

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне қажымас қайрат, зор бақыт, ал түрік халқына бақ-береке тіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1362172
Пікірлер

Көрші сілтемелер