Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:42 - 2021/02/26

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267056-elordada-dgeksenbide-soo-lardynh-dgumys-isteuine-ruqsat-berildi


«Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарларды және т.б сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 60 % қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыру», - делінген жаңа қаулыда.

Жексенбі күндері қаланың сауда-ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейтін болады. Сонымен, олар үшін жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесі белгіленген.

Дегенмен аталған объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұз айдындарының және ролик орындарының, ойын орталықтарының жұмысына тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы тек өзімен бірге алып кетуді есептемегенде курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Онлайн форматты қоспағанда, түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын өткізуге тыйым салынады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1362116
Пікірлер

Көрші сілтемелер