Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандықтардың өзге елдерден зейнетақы алуын қамтамасыз ететін келісім күшіне енді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 23:18 - 2021/01/25

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/262504-qazaqstandyqtardynh-ozge-elderden-zeynetaqy-aluyn-qamtamasyz-etetin-kelisim-kush


Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының хабарлауынша, келісімнің негізгі мақсаты – еңбекшілердің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты жағдайларда қалыптастыру, сақтау және іске асыру.Келісімге сәйкес еңбекшілер болып ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын не қалыптастырылған  Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Армения және Беларусь елдерінің азаматтары есептеледі.

Келісім аясында одақтың бір елінен екінші еліне зейнетақыны экспорттау тәртібі мен тетігіайқындап, зейнетақы алу құқығын анықтау үшін ЕАЭО мемлекеттеріндегі жұмыс өтілін жинақтаукөзделеді.

«Еңбекшіні медициналық куәландыру, оның ішінде мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындау барысында сырттай медициналық куәландыру мәселесі реттелді. Сондай-ақ, келісім күшіне енгенге дейін және одан кейінгі жұмыс кезеңдері үшін зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайтын өтпелі ережелер бекітілді. ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің еңбек етушіге зейнетақының жұмыс кезеңінде және жұмысқа орналасқан елдегі зейнетақы жарналарының аударымдарына барабар бөлігін төлейтінін ескере отырып, 01.01.2021ж. бастап еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми рәсімдеулері, яғни міндетті түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды уақытылы жасасулары қажет» делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Бұл ретте келісімге сәйкес жинақтаушы зейнетақыны, сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша еңбек (сақтандыру) зейнетақыларын қоспағанда, зейнетақы алу құқығы еңбеккердің мүше мемлекеттің аумағында жинаған  кемінде толық 12 ай жұмыс өтілі болған кезде (Келісім күшіне енгеннен кейін), сол мемлекеттің заңнамасына сәйкес төленеді.

Қазақстанда бұл келісімді жүзеге асыратын құзіретті орган – БЖЗҚ. Яғни, азаматтар түрлі сұрақтар бойынша осы органға жүгіне алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1341704
Пікірлер

Көрші сілтемелер