Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 14:06 - 2021/01/24

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/262343-karantin-kezinde-oyyn-uyymdastyrghan-kazino-anyqtaldy


Алайда, аймақтағы карантин шектеуінің күшейтілгеніне қарамастан санитарлық талаптарды өрескел бұзған қоғамдық қызмет көрсету орындары азамай отыр. Мысалы, Талдықорған қаласында карантин шектеуіне пысқырмай, жұмысын жалғастырып келген шағын және орта бизнес орындарына қатысты 8 оқиға тіркеліпті. Оның ішінде 2 қоғамдық тамақтану орыны және 6 монша бар. Тексеру барысында бұл орындарда санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталған. Сондай-ақ Қапшағай қаласындағы казинолардың арасында да карантин шектеулеріне бағынбай отырғандар бар екен. Қалалық полиция басқармасы арнайы рейд жүргізіп, осындағы ойынханалардың бірінің жасырын жұмыс істеп тұрғанын анықтаған.

- Қапшағай қаласының полиция қызметкерлері коронавирус таралуының алдын алу мақсатында енгізілген карантин шектеулеріне қарамастан заңсыз жұмыс істеген казиноны анықтап, айыппұл салды. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, еліміздегі ойынханалардың жұмысына тыйым салынған. Алайда қалада бір казиноның құпия жағдайда жұмыс істегені анықталды. Тексеру кезінде казинода 60 адам отырды. Аталған дерек бойынша жиналған фото, бейнематериалдар шара қабылдау үшін тиісті органға жіберілді, - дейді Қапшағай қалалық полиция бөлімінің өкілі.

Енді казино иесі карантин талаптарын бұзғаны үшін 900 мың теңге  көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1340967
Пікірлер

Көрші сілтемелер