Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алтай Көлгінов акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 18:06 - 2021/01/20

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261976-altay-kolginov-akseleratorlyq-damu-dgumys-tobynynh-qatysushylarymen-kezdesti


Жоба белсенді азаматтар мен жеке компанияларға, қоғамдық бірлестіктерге және қала әкімдігінің салалық құрылымдарына бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жұмыс үш бағыт бойынша жүргізіледі: ТКШ (МИБ) саласы, қаланың санитарлық тазалығы (көгалдандыру) және қоғамдық көлік.

Коронавирус пандемиясына қарамастан қалалық акселераторлық даму бойынша елорда әкімдігі жұмысты тоқтатқан емес. Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов онлайн режимінде акселераторлық даму жұмыс тобының қатысушыларымен кездесу өткізіп, маңызды мәселелерді талқылады.

Бірінші. МИБ-ті (меншік иелері бірлестігі) енгізу бойынша жұмыс жалғасып келеді. Елордада 198 МИБ құрылған. Бүгін қала тұрғындары қажетті ақпаратты ала алатын ортақ алаң құру мәселесі көтерілді. Сонымен қатар оларға ТКШ саласында заңдық, кеңес тұрғыда және техникалық қолдау көрсетіледі. Бұл ретте түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.

Екінші. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ базасындағы көпқабатты тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау бойынша «Қалалық модератор» бағдарламасы арқылы ТКШ саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырамыз. Сонымен қатар МИБ жұмысы бойынша тәжірибесімен бөлісе алатын мамандарды тарту жөнінде IQamal қауымдастығынан да ұсыныс келіп түсті.

Үшінші. Сондай-ақ қоғамдық көліктер интервалы мен уақытын қысқарту да қалалық акселераторын дамыту жұмысының оңды нәтижесі болып саналады. Сонымен, тұрғындарға жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 5 автобустың қозғалыс сызбасы түзетіліп, көлікті күту уақыты 5-12 минутқа қысқарды. Сонымен қатар келіп түскен өтініштерге сәйкес, С.Сейфуллин және Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы солға қарай бұрылыста қоғамдық көліктердің жүргізушілерінен басқа автокөлік тізгіншілеріне тыйым салынды. Бұл көлік нөпірі кезінде автобус күту уақытын қысқартып, аталған учаскені жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Төртінші. Өткен жылдың күзінде «Баспана орталығы» ашылды (Республика даңғылы, 32), онда тұрғындар «бір терезе» қағидасы бойынша тұрғын үй саласы жөнінде мемлекеттік қызмет ала алады. Орталық ашылғаннан кейінгі 3 ай ішінде орталыққа 15 мың тұрғын жүгінді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1338950
Пікірлер

Көрші сілтемелер