Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Анықтамасыз келген 31 шетел азаматы кері қайтарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 12:51 - 2021/01/19

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261714-anyqtamasyz-kelgen-31-shetel-azamaty-keri-qaytaryldy


«Былтыр қазаннан бастап қаңтарға дейін Алматы халықаралық әуежайына 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келді. Оның ішінде COVID-19-ға теріс нәтижесі бар анықтамалармен – 97430, анықтамасыз 12294 адам келген. Оның ішінде ПТР-талдауды тапсырғаннан кейін арнайы карантин стационарында 79 адамның нәтижесі белгілі болды (Түркиядан келген жолаушылар арасында - 30 жағдай, БАӘ-18 жағдай, Египет – 23 жағдай, Беларусь – 5, Украина – 1, Мальдив аралдарынан -2 жолаушы). Қаланың халықаралық әуежайында санэпидбақылауды күшейту шаралары жалғасуда. Сондай-ақ, анықтаманың жоқтығынан 31 шетел азаматы кері қайтарылды», деді қалалық әкімдіктің өкілдері.

Мамандардың айтуынша, әлемде эпидемиялық ахуал нашарлап жатыр. Бірқатар ел инфекцияны жұқтыру жағдайларының өсуіне жол бермеу үшін қосымша шаралар енгізіп жатыр. Мысалы, Оңтүстік Корея билігі әлеуметтік қашықтық сақтауды тағы екі аптаға ұзартты. 15 ақпанға дейін азаматтарға COVID-19 таралуының жалғасуына байланысты шетелге сапарларды болдырмау немесе кейінге қалдыруды ұсынады.

Жексенбіде Аустрия үкіметі Ұлттық карантинді 7 ақпанға дейін ұзартатынын жариялады. Ұлыбритания 18 қаңтардан 15 ақпанға дейін коронавирустың жаңа штамдарының әкелінуіне жол бермеу үшін барлық туристік дәліздерді жауып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1337965
Пікірлер

Көрші сілтемелер