Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 21:39 - 2021/01/15

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261465-almatyda-paterde-dgalghyz-qalyp-qoyghan-2-dgasar-bala-qutqaryldy


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2021 жылғы 15 қаңтарда таңертең кезекшіліктегі қызметкерге ер адам хабарласып, пәтерде екі жасар баланың қамалып қалғаны туралы хабарлаған.

Жедел топпен бірге бас құтқарушы-психолог бірден оқиға орнына шықты. Оқиға орнында анасы пәтерден шыққан сәтте есік жабылып қалып, екі жасар баланың пәтерде жалғыз қалып қойғаны анықталды. 

«Үйде жалғыз қалып қойған баланы қорқытып алмас үшін, республикалық жедел құтқару жасағының (РЖҚЖ) құтқарушылары гидравликалық құралдың көмегімен, терезе торларын кеңейтіп, терезені ашты. Құтқарушылар терезе арқылы ішке кіріп, газ плитаны өшіріп, пәтердің ішінен есікті ашты. Операция жедел өтті. Бала қатты қорқып қалған. Бас құтқарушы - психолог ана мен балаға шұғыл психологиялық көмек көрсетті», делінген баспасөз хабарламасында.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1336471
Пікірлер

Көрші сілтемелер