Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Мемлекеттік қызметшілер 2021 жылы қандай декларацияны тапсыруы керек?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 19:51 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/261205-memlekettik-qyzmetshiler-2021-dgyly-qanday-deklaratsiyany-tapsyruy-kerek


Жалпыға бірдей салықтық декларациялау енгізілгенге дейін мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар, олардың жұбайлары жыл сайын мемлекеттік кірістер органдарына 230.00 нысаны бойынша табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды табыс ететін.

Алайда, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (230.00-нысан) ұсыну бойынша талаптар тоқтатылады.

Бұл 2021 жылы аталған тұлғалардың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтері мен міндеттемелерін көрсете отырып, 250.00-нысандағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну міндеттемесінің туындауына байланысты.

Декларация тұрғылықты жері (келу орны) бойынша:

- қағаз нұсқада тапсырылған жағдайда – 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

- электронды түрде тапсырылған жағдайда – 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.

2020 жылы мүліктік табысты, Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден табысты және Салық кодексінің 363-бабында көзделген өзге де кірістерді алған жағдайда аталған тұлғалар орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс ететінін ескеру қажет. Бұл декларацияны тапсыру мерзімі - 2021 жылғы 31 наурыз. 2022 жылдан бастап мұндай кірістер 270.00- нысандағы декларацияда көрсетіледі.

Егер жеке тұлға қателесіп, 2020 жылға арналған 230.00-нысандағы декларацияны тапсырса, онда мұндай декларация кері қайтарылып алуы тиіс.

Еске сала кетейік, ағымдағы жыл елімізде жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің бірінші кезеңінің басы болады, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Салық Кодексінде жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған.

Бірінші кезеңде (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап):

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табыс ету міндеті жүктелген адамдар декларация тапсыруға міндетті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1335690
Пікірлер

Көрші сілтемелер