Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 21:09 - 2020/12/01

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/257545-el-astanasynynh-turkistangha-koshui-mumkin-be


"Ондай әңгімелердің негізі жоқ. Бірақ айтудың жөні бар ғой. Түркістан әсіресе сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы терең, әрине. Қожа Ахмет Яссауи осында келіп, мұсылмандықты уағыздаған. Бұл түркі дүниесінің мұсылман болуына ықпал етті. Сондықтан олар сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін, ел астанасы болса деген ойлар бар шығар. Бірақ қазіргі астанамызды әрі қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай халқы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың халқы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен өзім мұны ұсынғам жоқ, бірақ қарсы да болғаным жоқ. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз", деп жауап берді Елбасы.

"Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмі Н.Назарбаевтың "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді.

Айта кетейік, деректі туынды "Qazaqstan" телернасынан бүгін 20:00-де эфирге шықты.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1312068
Пікірлер

Көрші сілтемелер