Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елімізде астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаға жетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:57 - 2020/09/22

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/249570-elimizde-astyq-saqtaudynh-dgalpy-syyymdylyghy-288-mln-tonnagha-dgetti


"Биылғы жылы елімізде егін жинау жұмыстары уақтылы басталды. Бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 14,8 млн гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының 93,4%-да егін жиналды. Ал былтырғы жылы осындай уақытта 10,3 млн гектар немесе 67,6% жиналған болатын. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы – 11,4 млн тонна болған)", дейді Сапархан Омаров. 

Оның айтуынша, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

"Келесі қадам – егіннің сандық және сапалық сақталуын қамтамасыз ету. Жалпы алғанда, елдегі қолда бар сақтау қуаттылығы, өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды есепке алғанда, болжамды өнім түсімін сақтау үшін жеткілікті. Республикада астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаны құрайды, оның 12,1 млн тоннасы – астық қабылдау кәсіпорындарында, 16,7 млн тоннасы – ауыл шаруашылығы өндірушілерінде. Әкімдіктер элеваторлардың 2020 жылғы түсімді уақтылы қабылдауына үнемі мониторинг жүргізуі, сондай-ақ астықтың үздіксіз орын ауыстыруын тұрақты бақылауда ұстауы қажет", дейді министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1265022
Пікірлер

Көрші сілтемелер