Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда сапалы ауыз сумен 12 мың тұрғын қамтамасыз етіледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 15:36 - 2020/09/16

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/248949-almatyda-sapaly-auyz-sumen-12-mynh-turghyn-qamtamasyz-etiledi


Алматы әкімі Б. Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында мегаполистің аудандарына жасаған жұмыс сапары туралы үнемі айтып келеді. Мұнда қала әкімі жолдардың, инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыстарына, аумақтардың абаттандырылуына және тұрғындардың әлеуметтік өтінімдерінің шешілуіне айрықша назар аударады.

"Қалаға қосылған ықшамаудандар тұрғындары бірнеше жылдан бері коммуналдық-тұрмыстық жағдайдың жақсаруын күтумен келеді. Қала тұрғындарының өтініштерін ескеріп, өткен жылы шет аймақтарды дамытуға бағытталған "Жаңа Алматы" кешенді жоспарын әзірледік", деп жазды Б.Сағынтаев.

1

Кешенді жоспардағы міндеттердің қалай іске асып жатқанымен қала әкімі Түрксіб ауданына жасаған жұмыс сапары барысында танысты. Мұнда бірден үш ықшамаудандарда – Қайрат, Әлмерек пен Нұршашқанда жыл соңына дейін 150 шақырымнан астам сумен қамту және суды бұру желілерін салу жоспарланған. Сапалы ауыз сумен 12 мың тұрғын қамтамасыз етіледі. Желілер төселгеннен кейін жол жамылғысы да ретке келтіріледі.

Бұлардан өзге, оның мәліметі бойынша, Әлмерек, Қайрат, Маяк, Жас Қанат, төменгі Пятилетка, Нұршашқан сияқты алты ықшамаудандағы 614 көшеге сыртқы жарық жүйелері орнатылады.

"Аудандағы 12 көшедегі 9,3 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өткен. 2021 жылы Нұршашқан ықшам ауданындағы 25 көшеде 5,1 шақырымға жететін жаңа жол салу жоспарлануда. Қала тұрғындарының өмір сүру ортасын жақсарту жұмыстары жалғасуда", деп атап өтті мегаполис әкімі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1261441
Пікірлер

Көрші сілтемелер