Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қытай Майкл Пампеоның "Конфуций институтына" қатысты пікіріне жауап берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 16:18 - 2020/08/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/245416-aqsh-tynh-konfutsiy-instituttaryn-sheteldik-missinerler-dep-aytuyna-ne-sebep


"Мен, АҚШ-тағы Конфуций институттарына қатысты американың әрекеттері Қытай-Америкалық ынтымақтастық бағдарламасының демонизациясы мен стигматизациясының актісі екенін ерекше атап өткім келеді. Біз өз өкінішімізді білдіреміз және оған қарсы шығамыз", деді дипломат.

Сондай-ақ ол: "Біз, Америка Құрама Штаттарымен қырғи қабақ соғыстың болуына наразымыз. Екі тараптан да орын алған қателіктерді түзетуге, білім беру жобаларын саясаттандыруды тоқтатуға, гуманитарлық алмасудың қалыпты процесіне оралуға және қытай-америка арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастыққа нұқсан келтіруді тоқтатуға шақырамыз. Біз сондай-ақ жауап беру құқығын өзімізге қалдырамыз", деп атап өтті Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Чжао Лицзян АҚШ-тағы Конфуцийдің барлық институттары ұзақ уақыт бойы "өзара тиімділікке қол жеткізу үшін өзара сыйластық қағидаттарына сәйкес" жұмыс істейтініне назар аударды. "Конфуций институттары – Қытай мен бүкіл әлемді байланыстыратын алтын көпір. Олар сонымен қатар Қытаймен білім беру және мәдени алмасуға ықпалдастық етеді", деді дипломат.

Еске сала кетейік, бейсенбіде Американың Мемлекеттік хатшысы Майкл Пампео "Конфуций институттарын" қытай тілі мен мәдениетін насихаттайтын "шетелдік миссионерлер" деп мәлімдеген еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1240483
Пікірлер

Көрші сілтемелер