Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қала әкімі спортшылармен кездесті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 16:09 - 2020/08/14

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/245414-qala-akimi-sportshylarmen-kezdesti


Кездесу барысында қала басшысы Сыр спортына еңбегі сіңген жаттықтырушылар мен байрақты бәсекеден олжалы оралған жерлестерімізге алғысын білдірді.

Шаһар басшысы биылғы жылы қала спортшыларының халықаралық, республикалық додаларда жеткен жетістіктеріне тоқталып, қаладағы спорт саласының әлеуетін арттыруға бағытталған жарқын жобалардың жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Мәселен, бүгінгі күні «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қала аумағында спорт саласына байланысты 10 жоба жүзеге асырылуда.

Оның ішінде, 4 облыстық спорт мектептеріне ағымдағы жөндеу, «Локомотив» стадионының футбол алаңына қайта жаңғырту жұмыстары және байдарка мен каноэ есу базасының, 33 ойын-спорттық алаңының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Осы жылы Бірқазан елді мекені, Ақсуат, Ақжарма, Қосшыңырау ауылдық округтерінде дене шынықтыру алаңдарын салуға қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта Тасбөгет кентінен салынатын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге  қаржы қаралған. Басқосуда ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушы Вячеслав Ким мен сала ардагері Алтынбек Жаңабеков Сыр спортына  көрсетілген қолдаудың айрықша екенін айтып, қала басшысына алғысын білдірсе, жас спортшы   Айбар Қажымұқан Абай өлеңінен үзінді оқыды.

Кездесу соңында сала ардагері Алтынбек Жаңабековке ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталып,  еңбегі сіңген жаттықтырушысы Вячеслав Ким,              халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Кабира Асқарова,                           Ислам Салимов, әйелдер арасында дзюдон қазақтан шыққан тұңғыш                      Азия чемпионы Жамал Бозова, қазақ елінің тарихында алғаш рет байдарка және каноэ есуден жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахраддин, каратэ-додан халықаралық турнирлердің жүлдегері, жас спортшы                          Айбар Ғалымжан қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1240477
Пікірлер

Көрші сілтемелер