Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


"Еңбек" және "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламаларының қорытындылары қар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 21:45 - 2020/08/05

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/244462-enhbek-dgane-zhumyspen-qamtudynh-dgol-kartasy-baghdarlamalarynynh-qorytyndysy-qa


Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек" бағдарламасы аясында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 335 мың қазақстандық қамтылғанын хабарлады.

Дегенмен, бірқатар өңірлерде бағдарламаны іске асырудың қарқыны төмен екендігі байқалады: Нұр-Сұлтан қаласында — микрокредиттер, гранттар беру, жастар практикасы бойынша; Алматы қаласында — жастар практикасы және қоғамдық жұмыстар бойынша; Атырау облысында — тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша.

Сондай-ақ "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 6,3 мың жоба іске асырыла бастап, 153 мың жұмыс орны ашылғаны баяндалды.

Қостанай облысында жұмысқа орналастыру бойынша төмен қарқын тіркелді; басқа аудандардан келгендерге көтерме ақы төлеу бойынша Алматы қаласында, Түркістан және Ақмола облыстарында орындалмай отыр.

Премьер-Министрдің орынбасары өңірлердің әкімдіктерінің есептерін тыңдап, халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысты жандандыру жөнінде жедел шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ отырыста "Жұмыспен қамтудың жол картасы" жобаларының тиімділік өлшемдері бекітілді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің алдымызда Бағдарламаға бөлінген 1 трлн теңгені барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Әрбір жоба бойынша әлеуметтік-экономикалық тиімділік мұқият бағаланатын болады: қанша жаңа жұмыс орны құрылды, салық түсімдерінің өсу қарқыны, адамдардың тұрмыс сапасына әсері және т. б. Бағдарламаның тиімділігін Үкімет ерекше бақылауда ұстайды", — деп қорытындылады Е. Тоғжанов.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1234625
Пікірлер

Көрші сілтемелер